Принтерге шығару
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 2-кіреберіс, анықтама телефоны: 60-21-29, электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., «Б» корпус бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс жариялайды:
1. Заң басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік).
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 138248 теңгеден 186551 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Комитет қабылдайтын құқықтық актілерге олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің шешімдеріне сәйкестігіне құқықтық сараптаманы жүргізу; мемлекеттік басқарудың жоғары органдарында, министрліктер мен ведомстволарында Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары, жарлықтары, Үкімет қаулылары жобаларының өтуін құқықтық сүйемелдеу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне сәйкес, сондай-ақ тиісті өкімдер мен тапсырмалар негізінде Комитет құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілер жобаларын әзірлеу; Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ басқа ұйымдарда Министрліктің мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіру және оларға қатысу; заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда Комитет пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану бойынша шараларды уақтылы қабылдау; Комитет аппаратының қызметін құқықтық сүйемелдеу; Комитет құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер әзірлеу; шарттарды олардың заңнама талаптарына сәйкестігіне қарау, міндеттемелерді орындамау және тиісті түрде орындамау кезінде экономикалық ықпал ету шараларын қолдану.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласында жоғары білімінің болуы.
2. Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы
(С-4 санаты, 1 бірлік).
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 138248 теңгеден 186551 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру мәселелерін келісу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты мекемелермен және кәсіпорындармен, басқа мемлекеттік органдармен хат алысуды жүзеге асыру; негізгі құралдардың бірыңғай деректер базасын ұйымдастыру және іске асыру; ведомстволық бағынысты мекмелерді материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру бойынша моинторинг пен есеп материалдарын дайындау; үшжылдық кезеңге бюджеттік өтінімді қалыптастыру; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту және оларды қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру, Комитет жоспарларын әзірлеуге және орындауға қатысу; тиістілік нормаларына сәйкес ведомстволық бағынысты мекемелердің материалдық-техникалық жарақталуын талдау және бақылау жасау; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; сатып алу жоспарларын қалыптастыру, веб-порталда шарттар тізілімін жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, құқық немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технология саласында.
3. Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы
2019 жылғы 3 қарашаға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне (С-4 санаты, 1 бірлік).
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 138248 теңгеден 186551 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру мәселелерін келісу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты мекемелермен және кәсіпорындармен, басқа мемлекеттік органдармен хат алысуды жүзеге асыру; негізгі құралдардың бірыңғай деректер базасын ұйымдастыру және іске асыру; ведомстволық бағынысты мекмелерді материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру бойынша моинторинг пен есеп материалдарын дайындау; үшжылдық кезеңге бюджеттік өтінімді қалыптастыру; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту және оларды қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру, Комитет жоспарларын әзірлеуге және орындауға қатысу; тиістілік нормаларына сәйкес ведомстволық бағынысты мекемелердің материалдық-техникалық жарақталуын талдау және бақылау жасау; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; сатып алу жоспарларын қалыптастыру, веб-порталда шарттар тізілімін жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, құқық немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технология саласында.
4. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік).
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 138248 теңгеден 186552 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттер: Қаржылық есептілікті уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету; бюджетті әзірлеуге қатысу және оның орындалуын бақылау; стратегиялық жоспарды әзірлеуге қатысу, стратегиялық жоспар көрсеткіштерін бағалау мониторингісін жүргізу; қаржы мәселелері саласында заңнама актілерін, нормативтік құжаттарын, нұсқаулықтарды, қағидаларды қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулық әзірлеу; бюджет заңнамасы саласында нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу; әскери қызметшілерді, азаматтық қорғау қызметкерлерін және т.б. зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды енгізу; Комитеттің штат кестелерін, қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, ведомстволық бағынысты мекемелерден бюджеттік өтінімдерді қабылдау жөніндегі, сондай-ақ жиынтық бюджет өтінімін қалыптастыру жұмысына қатысу; Басқарма сарапшыларына бюджет өтінімінің жобасын, штат кестелерін, жедел қаржы есептілігін әзірлеу кезінде практикалық көмек көрсету;Үкімет резервінен қаражат бөлу және мемлекеттік органдармен келісу бойынша жұмысқа қатысу; Басқарма қызметіне қатысты ішкі құжаттарды әзірлеуге қатысу; бухгалтерлік есепті жүргізу; бухгалтерлік құжаттарды уақтылы, дұрыс ресімдеуге, уәкілетті органға тапсыруға және жасалып жатқан операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру; Комитет аппаратының қызметкерлеріне жалақы мен басқа төлемдерді есептеудің уақтылығын қамтамасыз ету; ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептерді қарау және жалпылап қорыту; Комитет аппараты мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері бойынша дебиторлық және кредиторлық берешекті жинау және жинақтау; ведомстволық бағынысты мекемелердің Басқарма құзыретіне кіретін хаттарын, арыздары мен өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіппен қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе құқық саласында.
5. Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы 2017 жылғы 1 маусымға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне (С-4 санаты, 1 бірлік).

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс- қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.