Принтерге шығару
     «Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ (индекс 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі 87, телефон: 8(7162) 55-14-71, факс (7162) 25-24-46, электрондық мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.) «Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Департаменттің тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы, санаты «С-О-5», 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 83 353 теңгеден 112 376 теңгеге дейін.

 

Негізгі функционалдық міндеттері: Техниканы және техникалық құралдарды жөндеуді, жарамсыз материалдық-техникалық құралдарды есептен шығару бойынша құжаттарды жасауды қамтамасыз ету. Аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үй-жайларда тиісті деңгейде тазалық пен тәртіпті сақтау. Материалдық құралдардың ұсталмайтын қорларының сақталуын және есепке алуды қамтамасыз ету. Материалдық құралдарды есепке алу, мемлекеттік сатып алу тендері бойынша материалдарды дайындау. Департаментте және оның бөлімшелерінде жанар жағар-май материалдарын, киім-кешек мүліктерін ұстау және пайдалануына бақылауды қамтамасыз ету. Жарамсыз материалдық-техникалық құралдарды есептеп шығару бойынша құжаттарды жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Департаментінің тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы, санаты «С-О-5», 1 бірлік.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 83 353 теңгеден 112 376 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру рәсімін орындау. Төтенше жағдайлар департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін уақытылы материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік желілер мен жабдықтарды техникалық пайдалануын, оларды жарамды жай-күйде ұстауын қамтамасыз ету. Департаменттің және құрылымдық бөлімшелердің ғимараттарың, құрал-жабдықтардын ағымдағы және күрделі жөндеуін ұйымдастыру. Департамент басқармасын және құрылымдық бөлімшедерін кеңсе жабдықтарымен, керек-жарақпен қамтамасыз ету. Департамент басқармасын, бөлімдерін және құрылымдық бөлімшелерін кеңсе жабдықтарымен, құрал-сайманмен және басқа мүлікпен қамтамасыз ету. Департаменттің және құрылымдық бөлімшелердің жанар жағармай материалдарын, киім-кешектің пайдалануы және қолдануын, автомобильдік техникасын сақтауын және пайдалануын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары,  құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының» негізінде өткізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар қатысады. Байқаушы ретінде тіркелу үшін әңгімелесу өткізудің басталуына дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Ақмола облысы Төтенше жағдайлар денпартаментінің кадр жұмысы бөліміне өтініш білдіру қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашак» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашак» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашак» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімі) қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304  тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304  тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар мемлекеттік органның электронды почта мекенжайына электронды түрде немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Олар ұсынылмаған жағдайда, конкурс комиссиясы азаматты әңгімелесуден өтуге жібермейді.

Құжаттар Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және уәкілетті органның ресми сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуға тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан __________________________ (мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________ _____________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________ ____________________________________________________________________  

 

   ________    ____________________________________ 

  (қолы)                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

 
  Форма

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

_____________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО

(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 

 
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
 
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
 
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
 
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
 
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
Еңбек жолы/трудовая деятельность  
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 
     
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата