Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

      С-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім;

 

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.

 

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
С-5 104058 140691

 

Қазақстан Республикасы Ішкі  істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті, 010000, АСТАНА қ.,  МӘНГІЛІК ЕЛ даңғ.,  8-ғим., 2-кіреберіс, пошта мекенжайы: анықтама телефоны: 8(7172) 60-21-29, факс: 8(7172) 60-19-69, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,  «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

        1. Комитеттің Қаржымен қамтамасыз ету  басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік).

     Функционалдық міндеттері: Бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша үшжылдық кезеңге негіздемелері мен есептері бар бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) құрама паспорттарын, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге құрама өтінімдерді, құрама және егжей-тегжейлі қаржыландыру жоспарларын, инвестициялық жобалар бойынша ай сайынғы есептерді жасау; қаржы мәселесі саласындағы заңнамалық актілерді, нормативтік құжаттарды, нұсқаулықтарды, қағидаларды қолдану бойынша әдіснамалық нұсқаулықты жүзеге асыру; бюджет заңнамасы саласында нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу; әскери қызметшілерді, азаматтық қорғау қызметкерлерін және т.б. зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды енгізу; Үкімет резервінен қаражат бөлу және мемлекеттік органдармен келісу бойынша жұмысқа қатысу; Басқарма құзыретіне кіретін хаттарды заңнамамен белгіленген тәртіппен қарау, берілген сенімхаттарды, негізгі құралдарды тапсыруға жөнелтпе құжаттар мен хабарламаларды тіркеуді есепке алу бойынша журналдарды жүргізу және берілген сенімхаттарды уақытында жабуды бақылау; Комитет аппаратының активтерін, материалдық қорларын, ақшасын, есептер мен басқа теңгерім баптарын түгендеуді жүргізу; жоғары тұрған ұйымға дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есептер жиынтығын, талдау деректерін жинау, өңдеу, есептеу және ұсыну; бастапқы құжаттарды өңдеу; Басқарма басшылығы айқындайтын өзге өкілеттіліктерді жүзеге асыру; ведомстволық бағынысты мекемелердің Басқарма құзыретіне кіретін хаттарын, арыздары мен өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіппен қарау.

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: қаржы, есеп және аудит, әлемдік экономика.

        2.  Комитеттің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы, C-5 (2 бірлік)

        Функционалдық міндеттері: Кіріс құжаттарын, Комитет басшылығының өкімдерін, бұйрықтары мен тапсырмаларын уақтылы орындауды қамтамасыз ету; Комитеттің халықаралық ынтымақтастық саласында іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу; халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеуге, келісуге және қол қоюға қатысу; шет елдермен және халықаралық ұйымдармен ақпарат алмасуды ұйымдастыру, Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын олардың қызметтері үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ету; Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шетелдік делегациялармен келіссөздер жүргізуді ұйымдастыру және қатысу.

Функционалдық міндеттері: : халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, құқықтану, аударма іс, шығыстану, шетелдік филологиясы, аймақтану, шет тілі: екі шет тілдер

      3. Комитеттің Тылдық қамтамасыз ету  басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Шарттар жасасу және шарттар тізілімін жүргізу, олардың орындалуына мониторинг, әлеуетті өнім берушілермен хат алмасу, мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижелері туралы есептерді құру; өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша шарт міндеттемелерін орындау мониторингі жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; материалдық құралдарды есепке алу және олардыңм сақталуын қамтамасыз ету;  ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің заттай мүшліпен, ЖЖМ жарақтануын есепке алуды бақылау.

Функционалдық міндеттері: жоғары білім: қаржы, халықаралық құқық, есеп және аудит, экономика, құқықтану, радиотехника, электорника және телекоммуникациялар

 Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

     Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

     Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

     Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

     Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

     Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

     Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)           осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)           3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)           бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4)           еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)           Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)           Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)           Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)           Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

   Персоналды басқару бірыңғай қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

   1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

   2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

 

     Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

     Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

 

     C-5 санаттары үшін:

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

       Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

 

 


___________________________________
 (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      

 

__________                                             ____________________________________
(қолы)                                                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
          (түрлі түсті/ цветное,
3х4)
 
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
 
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
 
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
 
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 
     

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

 

_______________
күні/дата