Принтерге шығару

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max

С-4

138 248 186 551

 

 

I. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі-Комитет), 010000 г. Астана, проспект Мәңгілік ел 8; административное здание «Дом министерств», 2 подъезд, анықтама үшін телефон: 8(7172) 60-21-29, факс: 8(7172) 60-19-69, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it./">This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it./ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

1. 12.06.2020 ж. дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне Комитеттің Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Қаржылық есептілікті уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету; бюджетті әзірлеуге қатысу және оның орындалуын бақылау; стратегиялық жоспарды әзірлеуге қатысу, стратегиялық жоспар көрсеткіштерін бағалау мониторингісін жүргізу; қаржы мәселелері саласында заңнама актілерін, нормативтік құжаттарын, нұсқаулықтарды, қағидаларды қолдану жөніндегі әдіснамалық нұсқаулық әзірлеу; бюджет заңнамасы саласында нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу; әскери қызметшілерді, азаматтық қорғау қызметкерлерін және т.б. зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды енгізу; Комитеттің штат кестелерін, қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, ведомстволық бағынысты мекемелерден бюджеттік өтінімдерді қабылдау жөніндегі, сондай-ақ жиынтық бюджет өтінімін қалыптастыру жұмысына қатысу; Басқарма сарапшыларына бюджет өтінімінің жобасын, штат кестелерін, жедел қаржы есептілігін әзірлеу кезінде практикалық көмек көрсету; Үкімет резервінен қаражат бөлу және мемлекеттік органдармен келісу бойынша жұмысқа қатысу; Басқарма қызметіне қатысты ішкі құжаттарды әзірлеуге қатысу; бухгалтерлік есепті жүргізу; бухгалтерлік құжаттарды уақтылы, дұрыс ресімдеуге, уәкілетті органға тапсыруға және жасалып жатқан операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асыру; Комитет аппаратының қызметкерлеріне жалақы мен басқа төлемдерді есептеудің уақтылығын қамтамасыз ету; ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептерді қарау және жалпылап қорыту; Комитет аппараты мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері бойынша дебиторлық және кредиторлық берешекті жинау және жинақтау; ведомстволық бағынысты мекемелердің Басқарма құзыретіне кіретін хаттарын, арыздары мен өтініштерін заңнамамен белгіленген тәртіппен қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі: Есеп және аудит, экономика, әлемдік экономика

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz


 

 

 

 

 

___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      

 

__________                                             ____________________________________
(қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.