32 Turkestan Seminar 1 2019 жылдың 14 маусымында Сарыағаш қаласында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрғали Сырлыбайұлы Жунусовтың төрағалығымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинардың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық жағдайларын болдырмау.
Семинар-кеңеске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қамбатыров Нұрлан Дәулетұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Жүнісов Ержан Әліұлы және қалалық, аудандық Төтенше жағдайлар басқармалары, бөлімдерінің, сондай-ақ қалалық, аудандық өрт сөндіру бөліністерінің қызметкерлері қатысты.
32 Turkestan Seminar 2 Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық пен қылмыстарға жол бермеулері үшін, осы бағыттағы жұмыстар күшейтілгендігі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және болдырмауға бағытталған заңдылықтардың сақталуы қадағаланатыны, арыз-шағым мен ұсыныстар жәшігі, «сенім телефоны» жұмыс жасайтыны туралы Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Жунусов семинар барысында атап өтті.
Сондай-ақ Департаментте апта сайын аппараттық жиналыста, ай сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында жеке құрамға ескертулер айтып, жиналыстардың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша сынақ қабылданып отыратындығы туралы мәлімдеді.
Жиын барысында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр жұмысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Б.Турекулов Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы 5 айда атқарылған іс-шаралар бойынша баяндама жасады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Қамбатыров Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында» көрсетілген қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін түсіндірді.
Департамент басшысы мемлекеттік қызметкерлердің басшылығы қызметтік өкілеттігін пайдакүнемдік мақсатта пайдалану тиімді емес және мүмкін емес болатын жағдайлар жасауы тиіс. Бұдан басқа, қатысушыларға бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоның сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға көбірек бағдарланғаны туралы айтылды.
Сонымен қатар қатысушыларға Сайрам аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әзірлеген бейнеролигі көрсетілді.
Жалпы алғанда, кеңеске қатысушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар - қылмыстық құқық бұзушылық пен басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайлардың алдын алу және ескерту бойынша жақсы шара болып табылады.
 
Түркістан облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы