Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасымен бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Ереже) Ережесіне 2- қосымшадағы нысан бойынша өтініш;
2) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3х4 түрлі түсті суреті бар «Б» корпусына әкімшілік мемлекеттік лауазымға кандидаттың қызметтік тізімі;
3) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері, ноториалды түрде куәландырылған;
Шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген Қазақстан Республикасының азаматтарына –"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілеріне, сондай-ақ, өзара тану және баламалдылық туралы халықаралық шартқа (келісім) аясына түскендердің білімі туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттар көшірмесіне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау куәліктері көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмесіне Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бағдарламасы бойынша оқытудың аяқталғаны туралы «Халықаралық бағдарламалар Орталығы» акционерлік қоғамымен берілген анықтамалары;
Өзара тану және баламалдылық туралы халықаралық шартқа (келісім) аясына түскендердің білімі туралы құжаттар көшірмесіне білім саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттардың танылуы туралы анықтамалар көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық немесе жұмыс орнындағы кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысанына сәйкес, құжаттарды ұсыну күнінен бұрын алты айдан ұзақ емес берілген № 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативті қорытынды) (немесе нотарилды куәландырылған көшірмесі) ;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру кезінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес нысандағы құжаттарды ұсыну күнінен бұрын 1 жылдан ұзақ емес берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотарилды куәландырылған көшірмесі);
10) «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес наркологиялық ұйымнан анықтама,
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар (уәкілетті органның интернет ресурсына) Өскемен қ., Протозанов к-сі 97/1 мекен-жайы бойынша жалпы конкурсты өткізу туралы хабарламаның соңғы жариялануынан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жеті жұмыс күні аралығында ұсынылуы керек.
Құжаттардың толық емес пакетте ұсынылуы оларды конкурстық комиссиямен қарастырылуынан бас тартылуына негіз болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат ішінде берілуі тиіс. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ-нде әңгімелесуден өтеді.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін, оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредитациялаудан өткен Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi