Әсел Кәрібайқызы Ахметова - 2019 жылғы 21 сәуірге дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне Заң басқармасының бас сарапшысы лауазымына;
Әлішер Серікұлы Садыков - 2018 жылғы 27 маусымға дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы лауазымына;

ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме, 050040, Алматы қ., Байзақов көш. 300, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., анықтамалар үшін телефон: 274-51-26, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің төмендегі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Наурызбай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, C-SVR-8 санаты, 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері: бекітілген учаскедегі шаруашылық жүргізу объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, өрт қауіпсіздігі мен төтенше жағдайлар саласындағы ҚР Заңдарының, Үкімет қаулыларының, ҚР ІІМ бұйрықтарының талаптарын білу, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бойынша шаруашылық жүргізу субъектілеріне тексерістерді жүргізу, аудандағы барлық төтенше жағдайларға шығу және олар бойынша жұмыс жүргізу, өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы іс жүргізу, шаруашылық жүргізу объектілерінің басшыларын, тұрғындарды, сондай-ақ түрлі санаттағы қызметшілерге бекітілген учаскеде өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту бойынша жұмыс жүргізу, бекітілген объектілердің өртке қарсы жағдайын, өрт қауіпін және конструктивтік ерекшеліктерін, өртке қарсы сумен жабдықтаудың жай-күйін өту және байланыс құралдарын білу.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі мекен-жайы 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймагамбетов көшесі, 150. Анықтама үшін телефондары: 8(7142)-500-860 (факс), электрондық мекенжайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. 1.                 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды есепке алу және талдау, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс кешенің әзірлеу және жүзеге асыру, халықтың және ұйымдардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру. Объектілердің тұрақты жұмыс істеуін, вавриялық ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету бойыеша іс-шараларды бақылау. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша комиссиялық тексерулерге қатысу, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл жүргізу.