Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

 

 Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының ЖАДЫНАМАСЫ

Астана – 2016

 Құрметті әріптестер!

Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін  және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.
 
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп жөнінде нені білу керек?
 
Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары:
-    заңдылық;
-   Қазақстандық патриотизм;
-   азаматтың құқықтары, бостандығы мен заңды мүддесінің мемлекет алдындағы басымдығы;
-   лауазымдық мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
-   мемлекеттік қызметшілердің кәсіпқойлығы;
-   әдептілік;
-   құқық бұзушылықтарға төзбеушілік.
 
Мемлекеттік қызметшілердің орындауы тиіс негізгі әдептілік талаптары:
-   жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына негізделген мемлекеттік қызметтің әдеп нормалаларының негізі мен қағидаларын  сақтауға;
-   мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық қаупін тудыруға қарсы іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге;
-  егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
-   «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен көзделген міндеттерді атқаруға, тыйым салған және шектерді сақтауға;
-   мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды жасамауға;
-   мүдделер қақтығысын болғызбауға және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;
-   егер мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін орындамауға;
-   қызметтік функцияны атқаруға қатысты тиімді, нәтижелі, ашықтық тәсілдерді іздеуге және пайдалануға;
-   Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
-   өзіне бағынысты мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеуге;
-   қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып өзіне және отбасы мүшелеріне игіліктер және артықшылықтар алмауға;
-   лауазымдық міндеттерін пайдакүнемдік және өзге де жеке мүдделері үшін пайдаланбауға;
-   пара немесе параға жақын құқық бұзушылыққа жататын құқық бұзушылықтарды жасамауға;
-   қызметте жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында кетушілікке жол бермеуге;
-   мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар бермеуге;
-   шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетпеуге;
-   қызметтік тәртіпті сақтауға, басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін уақытылы орындауға;
-   қызметтік ақпаратты жарияламауға, оның ішінде әдеуметтік желілер арқылы;
-   Қазақстанда тұратын барлық ұлттың салт-дәстүрлерін, ғұрыптарын және тілдерін құрметтеуге;
-   өз өкілеттігін атқара отырып жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мүддесі үшін пайдаланбауға;
-   әріптестерімен және азаматтармен іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;
-   қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын сақтауға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге;
-   әріптестеріне өз діни көзқарасын ашық көрсетпеуге, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге;
-   сырт келбеті іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленуге;
-   сыбайлас жемқорлық көріністерін жасады деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға;
-   көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын сақтауға;
-   мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікір-сайысты сыпайы нысанда жүргізуі тиіс.
 
Қызметтік әдеп нормаларын қолдануда талас туындаған жағдайда Сіз мемлекеттік органның әдеп жөніндегі уәкіліне (ол жөнінде ақпарат мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған)  және Агенттікке 8 (717) 275-34-12 телефоны арқылы немесе оның аумақтық құрылымдарына шағымдана аласыз.
 
Құрметті әріптестер!
Қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келеді. 
Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын мінсіз сақтау қызметтегі бағалауда және ілгерілеуде оң әсерін тигізеді.