Қазақстан Республикасының ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – ТЖК) өзінің өкілеттіктері шегінде азаматтық қорғау органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша қажетті ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қабылдайды. 2017 жылы осы сұрақтардың жай-күйі ТЖК басшылығының төрағалығымен 6 рет қаралды, нәтижелері бойынша орындарда жұмыста болған кемшіліктерді жою туралы тапсырмалар берілді.
Бір уақытта, тәртіпті нығайту және заңдылықты сақтау мақсатында аумақтық бөлімшелерге заңды бұзған қызметкерлерге қатысты қабылданған шаралар көрсетілген 5 шолу жіберілді. Әрбір қызметкердің назарына сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жазалау және соттардың айыптау үкімдері туралы бұйрықтарды жеткізу қамтамасыз етілді (келу шамасына қарай), жеке құрамның қатысуын қамтамасыз ете отырып, 16 ашық соттық отырыс өткізілді, соның ішінде 2017 жылы орын алған 7 сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша.

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) өкілеттіктері шегінде азаматтық қорғау органдарының жүйесінде тәртіпті нығайту, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті ұйымдастыру және практикалық шараларды барынша қабылдап жатыр.
Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 64 бұйрығымен бекітілген 2016-2017 жылдарға арналған ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Комитет тұрақты негізде профилактикалық шараларды жүргізеуде, азаматтық қорғау бөлімшелері қызметі жариялайды, халыққа, оның ішінде кәсіпкерлерге заңдық көмек көрсетуде.

Төтенше жағдайлар комитеті өзіне тиесілі өкілеттік шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ ІІМ сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді іске асыру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізуде.