Төтенше жағдайлар комитеті өзіне тиесілі өкілеттік шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ ІІМ сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді іске асыру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізуде.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға жол бермеу бойынша шарала кешені тұрақты негізде жүргізіледі.
Комитеттің аумақтық бөлімшелері ағымдағы жылғы 10 айда сыбайлас жемқорлық қылмыстармен және құқық бұзушылықтармен күресуге бағытталған алдын ала жұмыстар шеңберінде жеке құрам арасында 345 «дөңгелек үстел», конференциялар, 771 дәріс пен семинар, прокуратура, салық органдары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуымен 448 сабақ өткізілді.
2015 жылғы 27 мамырда Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріндегі кадр қызметтерінің басшыларымен және қызметкерлерімен бейне конференция байланысы түрінде Қазақстан
Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын зерделеу және іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын пысықтау мәселелері талқыланды. Алматы қаласы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД жүргізіп жатқан жұмыс нәтижелері қаралды.
2015 жылғы 30 қазанда жеке құрамның қызметтік-әскери тәртіпті сақтауы және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттердің алдын алу мәселесі бойынша бейнеконференция өткізілді, мұнда Ақмола облысының ТЖД, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ және кадр аппараттары тыңдалды.
Ұқсас іс-шаралар жүргізілгенде мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың негізгі міндеттері мен проблемалы мәселелері қаралады. Талқылау барысында қатысушылар мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің беделін арттыру және заңдылықтар мен тәртіпті сақтау мәселелері бойынша пікір алмасады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 338 жарияланым және БАҚ-та 35, радиода 186 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.
Мәселен, Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары К.Ж. Қосбаев және осы Департаменттің кадр жұмысы бөлімінің бастығы Ж.К. Қуанышбекова 10 маусымда «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тікелей эфирінде «Қазақстан
Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және «көлеңке» экономикаға қарсы іс-қимыл» тақырыбында сөз сөйледі.
2015 жылғы мамырда Қарағанды облысының ТЖД қызметкері өңірлік «Балқаш ТВ» телеарнасында «Қазіргі замандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес». Ұқсас сөз сөйлеу Қостанай, Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының ТЖД-да жүргізілген болатын.
Жамбыл облысының ТЖД-да 100,8 FM радиоарнасынан «Кәсіпкерлердің өрт қауіпсіздігі саласында бақылауды өткізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері» тақырыбында, Шығыс Қазақстан облысының ТЖД-да «Өрт қауіпсіздігі саласында рұқсат беру рәсімдері туралы» тақырыбында сөз сөйлеу ұйымдастырылды.
«Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалдарымен өзара тығыз іс-қимыл орнатылды. 2015 жылдың басынан бастап «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен өрт қауіпсіздігі саласында рұқсат беру рәсімдерін қысқарту және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың жаңа тәсілдері туралы мәселелер бойынша 245 іс-шара бірлесіп өткізілді.
Мысалы, ағымдағы жылғы шілдеде облыс гарнизонының қызметкерлерімен «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы орынбасарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам мен мемлекетке деген қатер» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Үстіміздегі жылғы ақпанда Алматы қаласының ТЖД-да «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес өкілінің