Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) өкілеттіктері шегінде азаматтық қорғау органдарының жүйесінде тәртіпті нығайту, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті ұйымдастыру және практикалық шараларды барынша қабылдап жатыр.
Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 64 бұйрығымен бекітілген 2016-2017 жылдарға арналған ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Комитет тұрақты негізде профилактикалық шараларды жүргізеуде, азаматтық қорғау бөлімшелері қызметі жариялайды, халыққа, оның ішінде кәсіпкерлерге заңдық көмек көрсетуде.
Кәсіби даярлық сабақтарында кейіннен сынақ қабылдай отырып, қызметкерлерде құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тақырыптық сабақтарға ерекше көңіл бөлінеді. 2016 жылы осындай 1340 іс-шара өткізілген (дәрістер, семинарлар, сабақтар)
Мысалы, Қазақстан Республикасы ІІО қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын білуге сынақтар қабылданды, бұған қоса осы стандарттарды сақтау бойынша лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мақсатында оларды сақтау бойынша міндеттемелерге қол қойылды және жеке ісіне тігілген.
2016 жылғы ақпанда Комитет қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Әлеуметтік-басқарушылық технологиялар» кафедрасының меңгерушісін шақыртумен «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбына дәріс ұйымдастырылды.
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысын түсіндіру бойынша сабақ өткізілді.
2016 жылғы қазанда Комитет төрағасының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.М.Күлдіковтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының инспекторы С.Н. Көлбаевпен және Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Р. Рахматуллинмен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық іс-шаралар» тақырыбына жеке құраммен кездесу өткізілді. Жиналысқа Комитеттің 100-ден аса қызметкері қатысты.
Бір уақытта, облыстар, Астана және Алматы қалаларының ТЖД аумақтық бөлімшелері жыл басынан бері әртүрлі бизнес-қауымдастық пен БАҚ өкілдерімен азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, өрт профилактикасы, әкімшілік кедергілерді қысқарту және азаматтардың сенім деңгейін арттыру мәселелері бойынша 600-ден аса түсіндіру кездесулері және дөңгелек үстелдер өткізілді.
Аталған іс-шаралар барысында кәсіпкерлерге «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 27 ақпандағы Жарлығын орындау үшін іске асырылатын тексерулерді өткізудің жаңа тәртібін енгізу барысындағы құқықтар туралы ақпарат жеткізілді.
Комитеттің интернет-ресурстарында құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы бөлімдерінде және оның аумақтық бөлімшелерінде азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы есептер орналастырылды.
2016 жылғы 12 айда бұқаралық ақпарат құралдарында 1092 сөз сөйлеу болды, соның ішінде 72 – телевизияда, 259 – баспа басылымдарында, 246 –радиода, 515 – ведомстволық веб-сайттарда.
Осылайша, 2016 жылғы 8 сәуірде облыстық радиода және «ТДК-42» телеарнасында Батыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкері «Скажи коррупции нет!» тақырыбында сөз сөйледі. 2016 жылғы 28 сәуірде Алматы қаласы ТЖД қызметкерлерінің «Нұр Отан» саяси партиясының өкілдерімен кездесуі өтті, онда 2015-2025 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның негізгі тармақтары талқыланды.
2016 жылғы 20 мамырда Шығыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкері «Қазақстан-Өскемен» облыстық телеарнасының «Қазақстан - 2050» бағдарламасына қатысты, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы сөз сөйледі.
Бір уақытта, тәртіпті нығайту мақсатында жеке құрамға апта сайын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жасаған барлық қылмыстар бойынша жазалау туралы бұйрықтар, шолулар және соттардың айыптау өкімдері жеткізіледі (келіп түсуіне қарай), көшпелі сот отырыстары өткізіледі.
Осылай, 2016 жылғы 24 қазанда Комитет аппаратының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның Алматы облысы ТЖД-да орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыс фактісі бойынша ұсынысы жеткізілді.
Бұрын, «Ішкі істер органдарындағы тәртіп, заңдылық жағдайы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында, жалпы 126 адамды қамтумен сабақ өткен болатын, онда қатысушыларға ішкі істер органдарының қызметкерлері жасаған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы шолу жеткізілді, бұл ретте азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тәртіпті және заңдылықты сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қатысуымен осындай семинар Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-да өтті, онда ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын және қылмыстарын жасау фактілері, тергеулердің нәтижелері және соттардың үкімдері, кінәлілерге және олардың басшыларына қатысты қабылданған шаралар қаралды. Алматы қаласы ТЖД-да жеке құрамның қатысуымен сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша қылмыстық істі қарау жөніндегі көшпелі сот отырысы ұйымдастырылды. Павлодар облысында осыған ұқсас қылмысты қарау бойынша сот отырысында Павлодар қаласының ТЖБ инспекторлық құрамы және Департаменттің мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлері қатысты.
Ақмола, Алматы, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖД-да жеке құрамның түзету мекемелеріне және тергеу изоляторларына баруы ұйымдастырылды. Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары ТЖД-да кадр аппаратының психологтары басшылар тарапынан сыбайлас жемқорлық себептерді анықтау бойынша анонимді сауалнама жүргізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жағдайының мәселелері Министрлік Алқасының отырыстарында, Комитет кеңестерінде, оқу жиындарында және көшпелі тексерулерде тоқсан сайын қаралады. Оның нәтижесі бойынша тәртіп пен заңдылықты нығайту, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерінде кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Осылай, 2016 жылғы 25-27 сәуір кезеңінде Көкшетау техникалық институты базасында облыстар, Астана және Алматы қалалары Өрт сөндіру қызметтері бастықтарының орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиын өтті.
2016 жылғы 26 мамырда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, ҚР Ұлттық ұланы және ҚР ІІМ Кадр жұмысы департаменті өкілдерінің қатысуымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша бейнеселектор режимінде кеңес өтті.
2016 жылғы 28 маусымнан 5 шілдеге дейінгі кезеңде Ақтөбе және Атырау облыстарының ТЖД-да тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жағдайына көшпелі тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде барлық аумақтық бөлімшелерге жеке құраммен тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ұқсас бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша нұсқау жолданды.
2016 жылғы 25 тамызда және 5 қазанда Комитеттің төрағасы В.Р. Беккер жанында мына мәселелер бойынша бейнеконференция байланысы режимінде кеңес өтті:
1. «Азаматтық қорғау органдарындағы тәртіп, заңдылық жағдайы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»;
2. «Жеке құраммен тәрбие және жеке-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру».
Бір уақытта, ведомствоның ресми сайты арқылы Комитет қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктері туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының және бөлімшелерінің сайттарында ІІМ және өзіндік қауіпсіздік тобының Бірыңғай сенім телефоны – 1402 орналастырылды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.