Қазақстан Республикасының ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – ТЖК) өзінің өкілеттіктері шегінде азаматтық қорғау органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша қажетті ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қабылдайды. 2017 жылы осы сұрақтардың жай-күйі ТЖК басшылығының төрағалығымен 6 рет қаралды, нәтижелері бойынша орындарда жұмыста болған кемшіліктерді жою туралы тапсырмалар берілді.
Бір уақытта, тәртіпті нығайту және заңдылықты сақтау мақсатында аумақтық бөлімшелерге заңды бұзған қызметкерлерге қатысты қабылданған шаралар көрсетілген 5 шолу жіберілді. Әрбір қызметкердің назарына сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жазалау және соттардың айыптау үкімдері туралы бұйрықтарды жеткізу қамтамасыз етілді (келу шамасына қарай), жеке құрамның қатысуын қамтамасыз ете отырып, 16 ашық соттық отырыс өткізілді, соның ішінде 2017 жылы орын алған 7 сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша.
Өткізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында 2016 жылы заңды бұзушылықтың барлық фактілер бойынша, 2010 жылдан бастап 2017 жылдың сәуірге дейінгі кезеңде жасалған қылмыстарға, жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін ақшалай қаражаттар алуға (2014-2017жж. қаңтарда) талдаулар жүргізілді.
Анықтамалық: жүргізілген талдаулар сыбайлас жемқорлық қылмыстарды лауазымдары әртүрлі санаттағы қызметкерлер жасағанын және оларда айтарлықтай қаржы қиындықтары (баспанасы бар, жанұя мүшелерінде тұрақты жұмыстары бар және т.б.) жок екендігін көрсетті.
Жалпы 2016-2017 жылдарға арналған Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары орындалды, оның аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Нұр Отан» партиясының өкілдері, сыбайлас жеқорлыққа қарсы қызметі және прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен 935 іс-шара (дәрістер, дөңгелек үстелдер, сабақтар) өткізілді, 130-дан астам профилактикалық бейнеролик көрсетілді. Қамауға алатын орын абақтыларға бару тәжірибесі енгізілді.
Ведомстволық сайттарда «сұрақ-жауап» режимінде қызметтік жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерге қатысты 10 интернет-конференция өткізілді.
Сонымен қатар, 2017 жылы мамырда Профилактикалық бейнежазбалар қоры («Сын ждет отца», «Топ менеджеры», «Скажи коррупции нет», «Я не продаюсь» және т.б.) құрастырылып аумақтық бөлімшелерге жіберілді.
Осы айда азаматтық қорғау органдарының жас қызметкерлері арасында «Біз сыбайлас жемқорлықсыз болашақты жасайсыз!» республикалық акция-эстафетасы жіберілді, бүгінде оған 10 бөлімше қатысты. «Нет коррупции!» шақыруымен бейнероликтер әзірленді. Осы бейнероликтер ТЖК, ТЖД интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілердің ресми парақшаларында орналастырылды.
Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ведомстволық жоспар іске асырылуда, азаматтық қорғау органдарында тәрбие және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша 2018 жылға арналған жоспарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар қарастырылатын болады.
Сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерін анықтау және қысқарту мақсатында 2017 жылғы наурызда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметтеріне сыртқы талдау жүргізуді ұсынды, 21 ұсынымды орындау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, олардың барлығы орындалып, бақылаудан алынды.
Аталған іс-шаралар жоспары бекітіліп, анықталған жемқорлық қауіп-қатерлер бойынша іс-шаралар орындалғаннан кейін (2017 жылғы маусым), жемқорлық қылмыстардың 3 есеге төмендеу үрдісі байқалады, мәселен егер 2017 жылдың 5 айы бойынша (қаңтар-мамыр) 10 қылмыс тіркелсе, келесі айларда (маусым-желтоқсан) 3 қылмыс тіркелді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмыстардың төмендеуіне «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары» техникалық регламентінің 140-тармағының, «Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникаларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің 245-тармағының алынып тасталғаны әсер етті.
Оған қоса, Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне ТЖК көрсететін мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтандыру туралы ұсыныс енгізілді.
2017 жылы аумақтық бөлімшелердің тәртіп пен заңдылықтарды нығайту бойынша жұмыстарына 2 көшпелі тексеру жүргізілді. Анықталған ұқсас кемшіліктерді жұмыс барысында жою мақсатында тексеріс нәтижелері барлық бөлімшелерге жолданды.
ТЖК комиссиясы 2017 жылы жемқорлық қылмыстар орын алған бөлімшелерге көшпелі тақырыптық тексерулер жүргізді, оның барысында себептері мен жағдайлары зерделеніп, алдағы уақытта жол бермеу бойынша тиісті шаралар жасалды. Қорытындысы бойынша ТЖ департаменттерінің екі басшысына «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту», бір бастыққа «қатаң сөгіс» жарияланды.
Тексерілген бөлімшелерде 2017 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жол берілмеуі осындай тексеру жұмыстарының оң нәтижесі деп айтуға болады.
Сонымен қатар, ведомствоның ресми сайты арқылы халықты ТЖК қызметкерлерінің қызметтері мен өкілеттіктері туралы ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің сайттарында ІІМ бірыңғай сенім телефоны – 1402 және өзіндік қауіпсіздік топтарының байланыстары орналасқан. Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат беретін арнайы тараулар жасалған.
Сыбайлас жемқорлық, әкімшілік кедергілерді қысқарту және азаматтардың сенім деңгейлерін арттыру мәселелері бойынша 2017 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 700-ден астам сөз сөйлеулер мен жарияланымдар шықты.
2018 жылы мемлекеттік өрт бақылау және ТЖК көрсететін басқа да мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру тәртібінің мәселелері бойынша «Атамекен» КҰП, кәсіпкерлердің, Бас прокуратура, жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізу жоспарлануда.
Өкінішке орай, тәрбие беру және құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданған шараларға қарамастан, қызметкерлердің жемқорлық қылмыстарға барулары тоқтамай отыр.
2017 жылы 13 жемқорлық қылмыс тіркеліп, оның салдарынан 11 қызметкер айыпталды, олардың 5-еуі 3 жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айрылды, 1-еуі бостандықта шектелді, 2-еуіне 3млн. теңге көлемінде айыппұл тағылды, 3 қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар ТЖК басшылығының қатаң бақылауында және бекітілген жоспарларға сәйкес жалғасын табады.