Ақмола облысы ТЖ департаменті жаздың басында Оңтүстік Қазақстан облысының әріптестері бастаған акция-эстафетаны қолдады.
«Біз болашақты сыбайлас жемқорлықсыз құрамыз» атты жемқорлыққа қарсы акция республикалық масштабқа ұласты – жемқорлыққа қарсы эстафетаға Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының құтқарушылары қосылып, өткізді.
Ақмолалық құтқарушылар ауқымды іс-шараға қосылып, заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттермен күресуге шақырады.
Қазақстан үшін жемқорлықты еңсеру Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен басымдылығы нақты белгіленген мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.
Ақмола облысының ТЖ департаменті жемқорлыққа қарсы акция-эстафетаны Қостанай облысының ТЖ департаментіне жолдайды.
 
Ақмола облысы ТЖД КЖБ