Қарағанды облысының ТЖ департаменті жаздың басында Оңтүстік Қазақстан облысындағы әріптестері бастаған акция-эстафетаны қолдады. 
«Біз болашақты сыбайлас жемқорлықсыз құрамыз» атты жемқорлыққа қарсы акция республикалық масштабқа ұласты – жемқорлыққа қарсы эстафетаға Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының құтқарушылары қосылды және өткізді.
Қарағандылық құтқарушылар масштабты іс-шараға қосылып, заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттермен күресуге шақырады.
Қазақстан үшін жемқорлықты еңсеру Елбасы Н.Ә. Назарбаевпен басымдылығы нақты белгіленген мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.
Қарағанды облысының ТЖ департаменті жемқорлыққа қарсы акция-эстафетаны Ақтөбе облысының ТЖ департаментіне жолдайды.
 
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі