Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі - ТЖК) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қажетті ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қабылдайды. 2018 жылы осы мәселелердің жай-күйі ТЖК мен ІІМ басшылығының төрағалығымен 4 рет қаралды, нәтижелері бойынша жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша тапсырмалар берілді.
Тәртіпті нығайту және заңдылықты сақтау мақсатында заңдылықты бұзуға жол берген қызметкерлерге қатысты қабылданған шараларды көрсете отырып, аумақтық органдарға 4 шолу жолданды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша жазалау туралы бұйрықтарды және соттың айыптау үкімдерін (келіп түсуіне қарай) әрбір қызметкерге жеткізілді, жеке құрамның қатысуын қамтамасыз етумен 10 ашық сот отырысы өткізілді, оның ішінде 2018 жылы болған 5 сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша.
ІІМ 2018 жылғы 15 ақпандағы №117 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған жоспарда көзделген іс-шаралар уақтылы жүргізіледі, оның аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен 2652 іс-шара (лекция, дөңгелек үстелдер, сабақтар) өткізілді, 583-тен астам профилактикалық бейнероликтер көрсетілді. Жазаны өтеу мекемелеріне бару тәжірибеге енгізілді.
Ведомстволық сайттарда сыбайлас жемқорлық және қызмет мәселелеріне қатысты «сұрақ-жауап» режимінде 24 интернет-конференция өтті.
Тәртіп пен заңдылықты нығайту бойынша басшылардың практикалық және әдістемелік білімін арттыру мақсатында 2018 жылғы бірінші тоқсанда Қарағанды академиясының профессорлық-оқытушылық құрамының, ІІМ Кадр жұмысы департаменті, Қарағанды облысының ПД қызметкерлерінің, Ұлттық Ұланның «Орталық» Өңірлік қолбасшылығы офицерлерінің қатысуымен 66 басшы оқудан өтті.
2 ай мерзімге міндеттерін уақытша атқаратын қызметкерлерді бос басшы лауазымына тағайындау тәжірибеге енгізілді, ол осы мерзімде міндетті психологиялық тестілеуден өтеді.
Сондай-ақ, кадрмен жұмысты жетілдіру мақсатында Кадр мәселелері жөніндегі комиссия құрамы және оның Ережесі бекітілді.
Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау аясында құқық қорғау қызметінің имиджін арттыру және қоғамдық сананы жаңғырту бойынша іс-шаралар іске асырылуда.
Сонымен қатар, кәсіби дайындық сабақтарында қызметкерлерде құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін келіп түскен қызметтік тергеулер шолулары, нәтижелері, жазалау турлы бұйрықтар, соттар үкімдері жеткізіледі, сондай-ақ профилактикалық бейнероликтер көрсетіледі және әлемдегі өзекті жаңалықтар мен оқиғалар, мемлекетік ішкі және халықарлық тынысы туралы саяси-ақпараттық сабақтар өткізіледі.
Ұқсас кемшіліктерді зерделеу және жою үшін тақырыптық тексеру нәтижелері барлық бөлімшелерге жолданады. Осылайша, 2018 жылғы наурызда Астана қ., сәуірде – Ақмола облысы, мамырда – Қызылорда облысы, қыркүйекте – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, 2018 жылғы қазан-қарашада – Алматы қаласы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары ТЖД инспекциядан өткізілді.
Жыл басынан бері қызметкерлерге қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 10 тұлғаға қатысты 8 сотқа дейінгі тергеу басталды (2017 ж. – 13/12).
Анықтамалық: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары Астана қаласы, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қызылорда облыстары ТЖД-да 1 фактіден және Алматы қ. - 2 фактіден орын алған.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту үшін 2017 жылы Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінде жемқорлық қауіптеріне сыртқы талдау жүргізуге бастама жасалды, нәтижесінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 21 ұсынымын орындау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, олардың барлығы орындалды және бақылаудан алынды.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың баламасы ретінде өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит енгізілді.
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 140 пункті, «Объектілерді қорғау үшін өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың» 245 пункті алып тасталды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Заңға сәйкес 2 қызметті көрсету бойынша ведомство қызметі алып тасталды (төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есепке алу)).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңтайландыру бойынша іс-шараларды орындау аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.К. Жұмағалиев Жол картасын бекітті (2018 жылғы 25 тамыз), Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларына (2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 896 ІІМ бұйрығы), сондай-ақ ТЖК мемлекеттік қызметтерінің стандарттарына тиісті өзгертулер енгізілді және әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті.
Жол картасында қызметтерді ұсыну қадамдарын оңтайландыру, құжаттарды қарау мерзімдерін қысқарту бойынша іс-шаралар көзделген. Бұдан басқа, өтініш берушілердің екінші санатты рұқсат қағазын алу үшін берілетін құжаттарын қарау бойынша ТЖК комиссиясы алынды, сондай-ақ қызметтерді көрсетуді толықтай электрондық форматқа көшіру қарастырылды.
Осылайша, қызметтерді көрсету кезінде жұмылдырылған адамдардың өтініш берушілермен байланыс құруын болдырмау шаралары қабылданды және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «бір терезе» принципі сақталды.
Заңдылықты бұзуға жол бермеу мақсатында Үкіметтің 2018 жылғы 12 ақпандағы №49 қаулысымен көзделген әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру алгоритмі әзірленді, басшылыққа алу және тиісті жұмысты ұйымдастыру үшін аумақтық бөлімшелерге жолданды.
2017 жылы қарамағындағы қызметкерден 360 литрге ЖЖМ талондарын алу фактісі бойынша жемқорлық қылмысын жасауға байланысты жанар-жағар май материалдарын төлеудің электрондық-карточка жүйесіне кезең-кезеңмен көшу бойынша жұмыс жүргізілуде (Астана қ., Алматы қ., Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау обл., ішінара Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар обл. көшті) және бұл оларды ұрлауды және негізсіз есептен шығаруды болдырмайды.
2018 жылғы 29 наурызда ТЖК-да мемлекеттік өрт бақылау қызметін реттейтін заңнаманы және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ТЖК аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Бас прокуратура, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ведомстволық жоспар іске асырылуда, 2019 жылы азаматтық қорғау органдарында тәрбиелік және профилактикалық жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ведомствоның ресми сайты арқылы ТЖК қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктері туралыхалықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде, азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелерінің сайттарында ІІМ Бірыңғай сенім телефоны – 1402 және өзіндік қауіпсіздік топтарының байланыс деректері орналастырылған. Азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратпен арнайы бөлімдер құрылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс ТЖК басшылығының ерекше бақылауында және бекітілген жоспарларға сәйкес жалғасатын болады.