Дәрігерге дейінгі көмек
ҚР ІІМ ТЖК «АМО» ММ Астана қ. бойынша филиалының «Анар» ТМҚП дәрігері Жабаев А.К.
Үсік шалу
Үсік шалу – төмен температураның әсерінен ағзаның кез –келген жерінің бүлінуі. Үсу — суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады.
Үсік шалудың белгілері:
Тері реңі ақшыл-көк;
Темературалық, тактильдік (қолмен ұстағанды сезу) және ауырсыну сезімі болмайды;
Жылынғанда қатты ауыру, қызару және жұмсақ бұлшық еттерінің ісінуі пайда болады;
Аса терең зақымданғанда 12-14 сағаттан кейін қанға толы көпіршіктер пайда болуы мүмкін.
Жеңіл деңгейі: дененің температурасы 32-34С жетеді. Тері қабаты бозарған немесе көкерген, «құс терісі» сияқты болып, дененің қалтырауы мен сөз сөйлеуі қиындайды.
Тамыр бүлкілі минутына 60-66 соғысқа дейін төмендейді. Артерия қысымы орташа немесе бірнеше жоғары болады. Дем алуы қалыпты. Үсік шалудың І-ІІ дәрежесі болуы мүмкін.
Орташа деңгейі: дененің температурасы 29-32С жетеді. Адамның ұйқысы келіп, есін билуі төмендеп, көз қарасының төмендеуі пайда болады. Тері қабаты бозарған немесе көгерген. Кей кезде мрамор түстес. Ұстағанда суық болады. Тамыр бүлкілі минутына 50-60 соғысқа дейін төмендейді. Артерия қысымы азырақ төмендеген. Дем алуы минутына 8-12 ге дейін. Үсік шалудың І-ІV дәрежесі болуы мүмкін.
Ауыр деңгейі: дененің температурасы 31С жетеді. Есін жоғалтады. Құсу мен сіңір тартылу байқалады. Тері қабаты бозарған немесе көгерген. Ұстағанда суық болады. Тамыр бүлкілі минутына 36 соғысқа дейін төмендейді. Артерия қысымы айтарлықтай төмендейді. Дем алу қиындап, минутына 3-4 рет болады. Бұл деңгейде үсік алудың ауыр түрі байқалып, дене мұздай суық болып қалады. Тері қабаты терең зақымданады.
Үсік шалу дәрежесі:
І дәрежелі үсік шалу (ең жеңіл түрі), әдетте, суықтың қысқа уақытта әсер етуінен туындайды. Зақымдалған тері учаскесі ақшыл болып, жылынғаннан кейін қызарады, кей-кезде реңі бозғылт-қызыл болады, ісік туындайды. Тері жансызданбайды. Үсік шалғаннан кейін бір апта соңында тері қабаты түсе бастайды. Науқас үсік шалғаннан кейін 5-7 күннен кейін жазылып шығады. Бұндай үсік шалудың негізгі белгілері – күю сезімі, зақымдалған тері учаскесінің шаншып соңынан ұйып қалуы. Содан кейін тері қышуы мен ауырсыну пайда болады, олар әлсін-әлсін бірақ анық болады. І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.
ІІ дәрежелі үсік шалу, әдетте, суықтың ұзақ уақытта әсер етуінен туындайды. Алғашқы уақытта тері ағарады, тоңады, жансызданады. Бірақ, бұл белгілер үсік шалудың барлық дәрежелерінде байқалады. Сондықтан, бұл үсік шалу дәрежесінің ерекшелігі, алғаш күннен бастап зақымдалған тері орнында іші түссіз сұйыққа толған көпіршіктердің пайда болуы. Тері қабатының толық жазылып шығуы 1-2 аптаға созылады, зақымдалған жерде тыртықтар қалмайды. ІІ дәрежелі үсік шалғанда жылытқаннан кейін ауырсыну І дәрежелі үсік шалғаннан ұзағырақ және қарқынды болады, тері күйіп, қышу мазалайды.
ІІІ дәрежелі үсік шалу - суықтың әсер ету уақыты ұзарады және төмен температураның жұмсақ етті терең зақымдайды. Алғашқы уақытта пайда болған көпіршіктердің іші қан аралас сұйыққа толады, түбі қызғылт-көк, түршігу сезінбейді. Терінің барлық элементтері өле бастайды және соңында үсіген жер түйіршектеліп тыртық пайда болады. Түскен тырнақтар өспейді, ал өскен жағдайда деформацияға ұшырайды. Өліп қалған тері қабаты 2-3 аптада түседі, ал соңынан тыртықтану 1 айға дейін созылады. ІІІ дәрежелі үсік шалғанда ауырсыну ІІ дәрежелі үсік шалғаннан ұзағырақ және қарқынды болады.
ІV дәрежелі үсік шалу - суықтың әсер ету уақыты өте ұзақ және төмен.
жұмсақ етті өте терең зақымдайды. Бұл дәрежеде үсік шалудың ІІ және ІІІ дәрежесі қатар жүреді. Жұмсақ еттің барлық қабаттары өледі және сүйек пен буындардың зақымдануы жиі кездеседі. Зақымдалған қол-аяқтар ерекше көк түсті, кей-кезде мрамор сияқты сұр түсті болады. Жылытқаннан кейін ісік пайда болып өте тез ұлғая бастайды. Тері температурасы зақымдалмаған жерден әлдеқайда төмен. ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған орындарда көпіршіктер пайда болады. Үсік шалған жерде көпіршіктердің жоқ болуы және ісіктің үлкен болуы – үсік шалудың төртінші дәрежесін көрсетеді. Ауаның төмен температурасында ұзақ болу үсікке шалдырып қоймай, ағзаның толық сууына әкелуі мүмкін.
Үсік шалған кездегі алғашқы көмек
Алғашқы көмек дегеніміз- тоңуды тоқтату, қол-аяқтарды жылыту, суықтан зақымдалған учаскелерде қан айналуды қалпына келтіру және ифекцияның дамуына жол бермеу. Ең алдымен, үсік шалу белгілері бар науқасты жылы жайға жеткізіп, аяқ киімін, шұлығын және қолғабын шешу керек. Дереу жедел жәрдем шақырту қажет.
І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.
ІІ-ІV дәрежелі үсік шалғанда тез жылыту, массаж немесе уқалау жасаудың қажеті жоқ. Зақымдалған жерге жылу шығармайтын дәке таңу қажет (қабатталған мата, қалың мақта қабаты, тағы да мата, үстінен клеенка немесе резеңке мата). Зардап шеккендерге ыстық тамақ, ыстық шай, 1-аспирин,1- анальгин және 2 таблекта но-шпа дәрісі беріледі.
Үсік шалудың алдын алу
Аязды күндері үсік шалуды болдырмаудың бірнеше ережесі бар: спирттік ішімдік ішпеңіз-алкоголден мас болу адам денесінің жылуын алып қояды. Сонымен қтар мас адам салқындап қалғанын аңғармай қалуы мүмкін. Аязда темекі шекпеңіз, бұл қан айналымды баяулатады. Кең киім киіңіз, бұл да қан айналымның жақсы жүруіне ықпал етеді. Сыртқы киіміңіз міндетті түрде су кірмейтін болуы керек. Қысатын аяқ киім, табанға төсегіштің болмау, шұлықтың дымқыл болуы үсік шалуға алып келеді. Аяғы тершең адамдарға аяқ киімге мән беру керек. Аяқ киімге төсегіш салып, мақталы шұлықтың орнына жүн шұлық кию керек, жүн дымқылды өзіне тартып алып аяқты құрғақ ұстайды.
Аязды күндері далаға қолғапсыз, бас киім мен шалмасыз шықпаңыз. Қолғаптың су өтпейтін ішінде жүні бар болғаны абзал. Бет пен мойынды шалмамен қорғаңыз. Желді салқын күндері ашық жерлеріңізге арнайы крем жағып шығыңыз. Аязды күндері темірден, алтыннан , күмістен жасалған бұйымдар тақпаған абзал. Біріншіден темір адам денесіне қарағанда тез салқындайды да, денеңізге тиіп, жабысып қалуы немесе тоңдыруы мүмкін. Екіншіден саусақтарға тағылған сақиналар қан айналым процесін баялатады.
Жалпы аяз күндері жалаңаш терінің темірге тиюін болдырмаған жөн. Сонымен қатар қасыңыздағы досыңыздың көмегіне жүгінуге болады, оның бетіне, құлақтарына қарап өзгерістерді айтып отырыңыз, ал ол өз кезегінде сізге де айтады.
Бір үсік алған жеріңіздің тағы да тонып қалуын болдырмаңыз – бұл зақымданған жердің ауруын екі еселендіреді. Аязға тонып қалған аяғыңызды шешпеңіз, себебі тонып қалған жерлеріңіз ісіп, қайтадан аяқ киіміңізді кие алмайсыз. Тонған кезде жылдам жылы жерге жетіп алған жөн. Қолыңыз тонса оны қолтығыңыздың арасына салып жылытыңыз.
Аязды күні алысқа шыққан кезде бірнеше айырбастап киетін шұлық, қолғап және ыстық шай құйылған термос алып шыққан жөн. Аязға шығар алдында тамақтанып шыққаныңыз абзал, сізге жолда энергия қажет болуы мүмкін.
Балаларыңызды аязды күні ойнауға далаға жіберген уақытта 15-20 минут сайын үйге кіріп жылынып шығуын қадағалаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.. А. А. Вишневский, М. И. Шрайбер, Москва, Медицина, 1975г.
2. Военно-полевая хирургия. К. М. Лисицын, Ю. Г. Шапошников, Москва, Медицина, 1982г
3. Руководство по травматологии. А. И. Кузьмина, Москва, Медицина, 1978г.
4.Общая хирургия. В. И. Стручков, Москва, Медицина, 1983г.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК
Қан кетудегі көрсетілетін көмек
Қан кету қантармырларымызды жарақаттау себебінен туындайды. Жарақат алып, қансыраған адамға тиісінше алғашқы көмек көрсетіп, міндетті түрде бірден оны таңып тастауы қажет. Артериядан қан кеткен жағдайда дереу тоқтатудың амалын жасаған дұрыс, себебі қан тез ағып кетеді. Мысалы сан артериясынан қан аққанда көмек көрсетуге 2 минуттай ғана уақытыңыз бар. Қан кету кезінде ең алдымен, қандай қан тамырлары – күретамыр, артерия, капиллярлар зақымданғанын біліп алу қажет. Осыған байланысты алғашқы жәрдем көрсетіледі. Артерия зақымданған кезде қан ақшыл қызғылт түсті болады және жарадан атқылайды. Артерия қаны жүректен периферияға түсетіндіктен, қан ағуын зақымданған жерден жоғары жердегі тамырды басу қажет. Артерияны сүйекке қатты қысу арқылы қысуға болады. Егер қан кету иықтың, иық маңының және қолдың орташа және төменгі үштен бір бөлігіндегі жарадан болса, иық артериясын басу қажет, егер қан кету иық буындары, қолтық асты, бұғана аймағындағы жарадан кетсе, онда бұғана немесе ұйқы артериясын басу қажет. Егер аяқ жақтан қан кетсе, онда жамбас артериясын басады.
Жеңіл жарақаттан бастап, күре тамырдан кететін қанды тоқтатудың түрлі жолы бар.
Жарақатты қысу
Қан ағып жатқанды көргенде адамның ең басты жасар әрекеті жарақатты басу. Бұл дұрыс әрекет. Себебі қан көзіне күш түсіріп оны тоқтатудың амалы осы. Жарақатты тиімдірек тәсілдер немесе құралдарды қолданғанға дейін мейлінше қатты басу қажет. Ергер жардап шеккен адам есінен айрылмаса өзі де қысуына болады.
Қысым нүктелерін қысу
Сонымен қатар артериялы қан ағуды жарақаттан жоғары артерияны қысу арқылы тоқтатуға болады. Бұл тәсілді артерияның теріге мейлінше жақын орналасқан нүктелерінде жасаған жөн.
Жгут салу
Сыртқы кең көлемді қан кетуді тоқтату мақсатында жгут қолданылады. Бұған Эсмарха резина жгуты немесе тосыннан алынған жгут болуы мүмкін. Жгут жарақат орнынан 5-8 см жоғары байланады. Жгутты дұрыс қолданудың көрсеткіші қанды тоқтатуда. Міндетті түрде жгут салынған уақытты белгілеп немесе жазып қою қажет.
Жарақатты тампондау
Егер қатты қан ағуды жгутпен тоқтату мүмкін болмаса жарақатты тампондау қажет. Бұған гемостатикалық дәкелер қолданылады. Соынмен қатар жарақатты қарапайым дәкемен байлап тампондауға болады. Байлаудың дұрыс техникасын қолданған жөн: сүйек пен жүрек бағыты бойынша жарақаттың түбінен тампондау қажет; жарақатқа мейлінше тығыздап тампон салу; тампонды 3-5 минутқа ұстау; жарақатты басып таңғыш байлау.
Қысып байланған таңғыш
Қысып байлаудың тиімді тәсілі қысымы бар бандаж болып есептеледі. Соынмен қатар созылмалы немесе қарапайым бинтті (кез - келген қолда бар, жарақатқа қысым беретін затпен) пайлалануға болады. Жараның бетін таза мәрлі шүберекпен жабу қажет.
Дем алу жолдарын тексеру және ашу
Зардап шеккен ессіз жатқан адамның барлық бұлшық еттері босаңсиды, сонымен қатар тілі. Бұндай жағдайда шалқасынан жату қауіпті, себебі тілі дем алу жолдарын бітеп, адам түншығып қалуы мүмкін. Зардап шеккен адамға дем алуға мүмкін жасау алғашқы көмек көрсетудің басты іс-әрекеті. Егер адам 4-6 минуттай дем алмаса миға ауа бармай өліп кетуі мүмкін.
Демалу жолдарын қалыптастыру шаралары:
- Зардап шегушінің басын шалқайту;
- Аузын ашу;
- Астыңғы жағын төменге басып өзге заттардан тазарту (тістің сынықтары, сілекей, қан, құсық) қажет.
Дем алуды тексеру
Дем алуды қалыптастырғаннан кейін демді қадағалау қажет.
- Зардап шегушіге еңкею;
- Демінің дыбысын есту;
- Оның кеудесінің жоғары-төмен қозғалысын бақыла. Құрсақ өріміне қолыңды қойып тексеру қажет.
10 секунд аралығында дем алуды санау қажет. Адамның демалу нормасы минутына 12-20 рет. Сәйкесінше 10 секундта 2-3 дем алу естілу қажет.
Егер зардап шегуші жақсы демалып жатса, оның еш жері зақымданбаса, оған қолдан дем беру немесе жүрек-өкпе реанимациясы қажет болмаса, оны қалыпқа келу үшін бір жақ жанына жатқызу қажет. Ол үшін зардап шегушінің басын, иығын және бөксесін бір жақ жанына бірге аудару қажет. Жоғарыда болатын аяғы 90 ° қа бүгілуі қажет. Бұл жатқан қалпын орнықты етеді. Бұл қалып дем алу жолдарының ашық болуына, мойын-омыртқаны қалыпты ұстауына, құсық пен қанның тамағына кіріп кетпеуіне мүмкіндік береді.
Жүрек-өкпе реанимациясы (ЖӨР)
Жүректі тікелей емес ұқалау.
Өкпені жасанды желдету.
Жүректі уқалауда компрессияның байланысы саны 30:2, реанимация жасап жатқан адамның санына қарамастан.
Әр адам жүрекке реанимация жасауды білгені абзал. Жүрек тоқтап қалған кезде бірден іске кірісу қажет.
Егер төс сүйекті басса, жүрек көкірек қуысы мен омыртқа ортасында қысылады да оның қуысынан қан тамырларға сығылады. Бұл жасанды түрде қан айналымын қалыпқа келтіретін жүрек сыртына (тікелей, жабық түрде емес) массаж жасау деп аталады. Осылайша қолмен дем алдыруды жүрек сыртына массаж жасаумен үйлестіру кезінде тыныс алу, қан айналу қызметтері жасанды түрде жүргізіледі. Реанимациялық шараларды жүргізу қажеттілігінің көрсеткіші мынадай белгілер: тері қабатының бозыңқырауы немесе көгеруі, есін жоғалту, ұйқы күре тамырының соқпауы, демалуының тоқтауы немесе терең дұрыс дем алмауы тән болып жүрек қызметінің тоқтауы табылады. Жүрек тоқтаған кезде бір секундты да кетірмей зардап шеккенді тегіс қатты жерге: орындықтың, еденнің, болмаған жағдайда арқасына (иығы мен мойынының астына жұмсақ жастық қоюға рұқсат етілмейді) тақтай қойып жатқызады.
Егер көмекті бір адам көрсетіп жатса, ол зардап шеккеннің жанына орналасады және еңкейіп екі рет жігерлі түрде («ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілі бойынша) үрлейді, содан кейін кеудесін көтеріп, зардап шеккеннің жанында отырып, төс сүйегінің төменгі жағына саусақтарын көтере бір қолының алақанын қояды. Екінші қолының алақанын бірінші алақанының үстіне көлденең немесе жанына қойып, денесімен ырғағымен септігін тигізе отырып, басады. Басу кезінде қолдың шынтағы бүгілмейді.
Басуды жылдам төс сүйекті 4-5 см итере отырып, басу ұзақтығы 0,5 с аспайтындай, бөлек басу арасындағы ұзақтық 0,5 с кезде жүргізіледі. Үзіліс жасаған кезде қолды төс сүйектен алмайды, саусақтары түзу қалпында болып, қолдың шынтақтары бүгілмейді.
Егер тірілтуді бір адам жүргізсе, әр екі үрлеуге ол 5 рет төс сүйекті басады. 1 минут ішінде 100-120 рет төс сүйекті басады. Егер реанимациялық шаралар дұрыс жүргізілсе тері қабаты қызғылттанып, қарашықтары жіңішкереді, өздігінен дем алу қалпына келеді. Егер массаж жасау кезінде басқа адам ұйқы күре тамырының соғуын бақыласа онда ол анық сезіледі. Жүректің қызметі қалпына келтірілгеннен және тамырдың соғуы анық сезілгеннен кейін, жүрек сыртына массаж жасауды дер кезінде тоқтатады, зардап шегуші нашар дем алған кезінде қолдан дем алдырудың қалыпты және қолмен дем алдыруы сәйкес келетіндей етіп жалғастырылады. Сондай-ақ, қалыпты өздігінен дем алу қалпына келтірілген кезде қолмен дем алдыруды тоқтатады.
Кеуде жарақаттары
Кеуде жарақаты адам өміріне қауіпті болып саналады, себебі, бұл бөлікте өмір сүруге қажетті жүрек пен өкпе орналасқан. Жүректі жарақаттау өлімге алып келеді. Кеуденің көп бөлігін өкпе алып тұрады. Егер зақым келтірген зат осы аймаққа кірсе, оған ауа кіріп, өкпе мен жүрек өз қызметін қажетті деңгейде атқара алмайды. Зардап шеккен адамда келесі жайыттар байқалады:
ентігу;
зақымданған жерінен көпірік қан ағады;
тері асты эмфиземасы байқалады.
Кеуде жарақатындағы алғашқы көмек
- Зардап шегушіні ыңғайлы отырғызу қажет.
- Жарақатты герметикалық затпен бітеп қою керек. Полиэтиленді затпен жауып скоч немесе лейкопластырмен жабыстыру қажет.
- Жапсырылғанның үстінен таңғышпен байлау қажет.
- Үнемі жараның беті ашылып кетпеуін бақылау қажет.
- Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілуі қажет.
Сынықта көрсетілетін алғашқы көмек
Сынық кезінде кез-келген қатты материалдан дереу сыныққа таңғыш салып, орап байлау керек. Таңғыш болмаса, онда сынған аяқты сау аяққа тақап байлап, ал зақымданған қолды орамал арқылы мойынға асып қою қажет. Сынық ашық болса, жараның айналасын йодпен сүртіп, стерильденген таңғыш байлаған жөн.
Шинаны қалай салу керек?
Әдетте шинаны зардап шегушінің сынған қолы немесе аяғын бір қалыпта ұстап тұру үшін салады. Шинаны қолда бар ұзын, қатты, жалпақ заттан жасайды. Бастысы таңдап алған заттың екі бөлікке жетуі керек. Шинаны салғанда астына бірнеше бүктелген мата салу қажет.
Зардап шеккен жердің шығып кеткенін немесе сынғанын анықтаймын деп анда-мында қозғалтуға болмайды. Сонымен қатар өз бетімен орнына салуға тырыспау қажет. Шина салған кезде зақымданған дене бөлшегін түзетпей, зардап шегушіге ыңғайлы қалыпта бекіту қажет.
Психологиялық көмек көрсету
БАЙБАЛАМ кезіндегі психологиялық көмек
Бұл не?
Біздің көпшілігіміз үшін байбалам салған жағдайдағы адам – аласұрған, қол сермеген, айқайлаған адам (көбіне әйел). Алайда мұндай іс-қимыл тек соңғы жағдайда байқалады, сонымен қатар тек әйел адамға ғана тән.
Бүгінде байбалам – психикалық және соматикалық көріністердің әр түрлілігімен сипатталған іс-әрекетінің түрлі жағдайын айқындайтын аса жалпылаушы термин. Байбаламды сипаттайтын психикалық белгілер: көңіл-күйінің ауытқуы, эмоционалды тұрақсыздық, сезімде үстіртін қарау, иландыруға және өзін-өзі иландыруға аса бейімділігі. Адамның іс-қимылы басқа адамдардың көңілін аудартуға жұмсалған.
Соматикалық (физикалық) белгілері әртүрлі болуы мүмкін, мәселен, сал ауруы, сіңір тартылып құлау, бас ауруы, қабылдаудың және сөйлеудің бұзылуы. Барлық белгілердің бір жалпы түйіні бар – олардың пайда болуын қандай да бір соматикалық (физикалық) факторлармен түсіндіру мүмкін емес екендігін атап өту қажет
Байбалам жағдайындағы құлау бірнеше минутқа немесе бірнеше сағаттарға созылады. Көз жасына қарағанда, байбалам - тоқтатуға тырысуға қажет жағдай. Мұндай жағдайдағы адам көп дене және психологиялық күшін жоғалтады.
Белгілері:
- ес-түсі сақталады;
- аса қозғыштық, көптеген қимылдар,театрдағы позалар;
- сөйлеген сөзі эмоционалды қанық, жылдам;
- айқай, жылау;
Бұндай жағдай неге болады?
Байбалам әр адамда бола бермейді. Мұндай эмоциялы жарылыс, әдетте шығармашылықтағы және жеңіл қозғыш адамдарға тән. Әдетте бұл ұзақ уақыт жиналады. Байлам ішкі қысымды шығару үшін туындайды. Бұл ұзақ уақыт бойы жиналады. Адам ұзақ уақыт бойы сыртқы сабырлығын сақтайды, өзін дұрыс ұстайды. Ал одан кейін жарылады, байбалам басталады.
Байбаламның себебі қандай да бір мақсат қою және оны жүзеге асыра алмаумен байланысты болуы мүмкін. Әсіресе бұл кішкентай балаларда жақсы білінеді. Себебі олар кішкентай кезінде өзінің тілегін білмейді.
Басқа жағдайда байбалам кенеттен болған қатты қысымнан туындауы мүмкін, бұл қиын өмір жағдайында болады. Әдетте дәрменсіздігі және бір нәрсені өзгерте алмауы.
Өз-өзіне қалай көмек көрсету қажет?
Байбалам болған кезде, «жарылған адам» үшін ең жақсы амал, жағдайды әбден шешіп алу. Басқаша айтқанда, байламды ішке тығып, эмоцияны білдірмеуге тырыспау қажет. Ең жақсысы іштегіні шығару және «өз байбаламынан рахаттану» керек. Яғни соңына дейін ішкі шерді тарқату қажет.
Егер әлі де байбаламға түспесе басқа жағдай. Онда назарыңызды басқа іске аударуға тырысыңыз. Мұндағы басты қағида ішкі қысым қатты болған сайын назарыңызды аударатын істе те аса көңіл аударарлық болуы керек.
Ондай адамның жанында қалсаң?
«Жарылайын» деп жатқан адамға қоршаған адамдар да көмек көрсете алады. Бастысы дұрыс іс-қимыл жасау.
Еске сақтаңыз, егер зардап шеккен өз қимылдарына есеп берген жағдайда ғана оған психологиялық көмек көрсетуге болады. Ондай жағдайда:
Біріншіден, көрермен адамдарды қуыңыз, тыныш жағдай жасаңыз. Егер ол Сіз үшін қауіпсіз болса, зардап шеккенмен жалғыз қалыңыз.
Эмоционалды жарылыс кезінде адамның өзіңізге және қалғандарына зиян тигізбеуіне тырысыңыз. Егер сіз оның оқыс іс-қимылдар жасайтынын сезсеңіз араласып, қойдыру қажет: өз-өзіңді және байлам салған адамды қорғау керек. Оның алдынан қауіп және ауыр заттарды - пышақтарды, шанышқыларды, бұрағыштарды, мүсіншелерді алып тастаңыз.
Екіншіден, оның назарын қатты таң қалдыратын (қатты тарсылдатын затты құлату, зардап шегушіге қатты айқайлау) кенеттен жасалған іс-қимылға аудару қажет. Егер байбалам салушы кішкентай салмақтағы адам болса, оны ваннаға немесе душтың астына тұрғызып қоюға болады. Немесе оның маңдайына суық мұзды қою керек. Бетіне суық су шашып жіберу қажет. Салқындату зардап шеккеннің назарын басқа жаққа аударуға мүмкіндік береді. Ол реакцияны баяулатады, яғни эмоцияны ұстайды.
Оны байсалдылық танытуға шақырыңыз, аямаңыз және өзіңіз байбаламға түспеңіз, себебі ондай жағдай зардап шеккенді қоздырып жібереді.
Зардап шегушімен қысқа фразалармен, жылы дауыспен («Су іш», «Жуын») сөйлесіңіз.
Зардап шегушінің қалауын жасамаңыз. Селсоқ болыңыз немесе егер байбалам толастамаса мүлдем басқа жаққа кетіп қалыңыз.
Одан кейін не істеу керек?
Адамдардың көпшілігі эмоционалды жарылыстан кейін құлазыған күйде және абыржу сезімінде қалады. «Өз-өзіне» келгеннен кейін көбінесе әрең дегенде істеген ісін есіне алады. Көбі не істегенін, сол уақытта не жасағанын есіне түсіре алмайды.
Байбалам біткеннен кейін, адамның ісіне ызаланбаңыз, болған іс туралы есіне салмаңыз. Адамға бір стақан суық су беріңіз немесе нашатыр спиртін иіскетіңіз. Оған ыстық шай беріп,одан кейін ұйықтату керек.
Міндетті түрде психологқа немесе дәрігерге жүгініңіз, себебі ауру ушығуы мүмкін.
КҮЙЗЕЛІС кезіндегі психологиялық көмек
Бұл не?
Күйзеліс – ағзаның күш түсуге, алаңдаушылыққа және күнделікті қарбаласқа реакциясы. Асыра күш түскен жағдайда адамның көңіл-күйі нашарлайды, басқа да белгілер пайда болады. «Күйзеліс» деген сөз ағзаның жай-күйін айқындайды, ол өмірдің қиын жағдайларына бейімделуге тырысады. Адам аса қиын физикалық және психологиялық қысымға ұшыраған кезде, ең алдымен оның ағзасы қорғануға тырысады. Бірақ одан кейін бейімделіп алады және аса жоғары қысымдағы реакциясы оңтайлы жағдай болып қалады. Мұндай жағдай оң күйзеліс деп аталады. Ол адамның дұрыс психикалық дамуына және қоршаған ортаға бейімделуі үшін қажет. Алайда ағза жиі миға салмақ түсуге немесе физикалық жүктемеге шамасы келмейді. Мұндай жағдайда кез келген қосымша қысым адамның дұрыс жай-күйін бұзуы және ауруға шалдықтыруы мүмкін.
Белгілері:
- Ашуланшақтық.
- Ұйқы көрмеу.
- Енжарлық.
Көңіл-күйінің ауытқуы.
- Ойын ұштастыра білмеуі.
- Қызба іс-қимылы.
- Жылауық.
- Түңгі үрейлер.
- Асыра белсенділік.
- Алаңдаушылық.
- Желікпе қимыл.
- Тәуелділік.
- Қарым-қатынасының өзгеруі
Бұл неден болады?
Мамандар адамды қатты эмоционалды толқуларға ұшырататын кез келген жағдай күйзелістің пайда болуына себеп болуы мүмкін деп есептейді, Күйзеліс баланың дүниеге келуі, күйеуге шығу (үйлену) сияқты оң эмоцияларды, сол сияқты баланың қаза болуы, жақын адамның қайтыс болуы сияқты кері эмоцияларды тудыруы мүмкін екендігін есепке алу қажет. Күйзеліске ықпал ететін жағдай болар-болмас сипатта да болуы мүмкін (көп уақыт кезек күту немесе жолда кідіріп қалу). Күйзеліске кез келген сәтте, кез келген жаста ұшырауы мүмкін.
Күйзеліс – ауру емес, бұл қорғаныс механизмі, бірақ мұндай қорғаныс тұрақты болса, онда адам ауруларға осал болып келеді.
Жалпы күйзеліс әр адамға қажет, олай болмаса ол талапсыз адам болады. Күйзеліс – бұл өзіндік энергия көзі. Бастысы оның ұзаққа созылуына жол бермеу керек. Адам ағзасының жауы – ұзаққа созылған күйзеліс. Ол орасан – шамамен 90%. Ұзақ күйзеліс ағзаның қорғаныс қабілетін азайтады, қант диабетінің, ісіктің, туберкулездің даму қаупін арттырады, егер әйел жүкті болса, оның ішіндегі балаға зиян тиеді, яғни барлық зардаптарын тізіп жеткізу мүмкін емес. Барлық мәселе мынада, ұзаққа созылған күйзеліс кезінде ағза адреналин мен энкефалинді шығармайды, сол үшін С және В витаминдерінің, цинктің, магний мен басқа да минералдардың запастарын асыра жұмсайды. Бұл өз кезегінде нервті жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді, ақыл-ой және дене белсенділігін төмендетеді.
Өз-өзіне қалай көмек көрсетуге болады?
Күйзелісті жеңу үшін алдыңа нақты міндеттер қою және салауатты өмір салтын ұстана білу маңызды.
Күйзеліспен күрестегі басты қару – кез келген қоздырғыш факторларға деген эмоциямыз бен реакциямызды бақылау.
Егер сонда да күйзеліске ұшырасаңыз бірнеше оңай қағиданы есте сақтап, қолдану қажет.
Бірінші қағида: Барынша өз-өзін сергіту. Дем алысыңызды қадағалаңыз, толық кеудемен ауызды ашып демалуға тырысыңыз (әдетте күйзеліс жағдайындағы адам тісін шықырлатады, ал біздің міндетіміз барлық бұлшық еттерді босату). Созылып, керіліңіз бірнеше минут мойынға массаж жасаңыз. Соңғы релаксация қолды ыстық сумен жылыту, себебі ағзада адреналиннің бірден өңделмеуі қол-аяқ ұштарындағы қан айналымын төмендетеді. Ыстық қол барлық ағзаның босауына ықпал етеді.
Екінші қағида: қозғалу қажет. Жүріп қайтыңыз, ал ең жақсысы кішкене жүгіріп қайтыңыз. Белсенді іс-қимыл сізді ашуланудан арылтады.
Үшінші қағида: өзіңізге ұнайтын тәтті бір нәрсе жеңіз. Бұл арада керемет көмекші балмұздақ болуы мүмкін. Балмұздақтың негізгі құрамы сүт пен кілегей, бұнда ұйықтай алмау, депрессия кезінде, көңіл-күйді жақсарту және қорқыныш пен алаңдаушылық сезімдерін азайту үшін медицинада қолданылатын табиғи триптофан транквлизаторы бар. Сондай-ақ күйзеліс кезінде шоколад та көмектеседі – ағзада серотонинды тудырудағы көмекші, «бақыт гармоны» ретінде де аса белгілі. Сонымен қатар, шоколадта бұлшық ет пен нерв жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті екі минерал магний мен калий бар.
Төртінші қағида:сергітетін шөптермен, майлармен немесе тұзбен ванна қабылдаңыз. Су процедуралары кезінде жағымды музыканы тыңдауды үйлестірген жөн. Бұл сізге тыныштықта және жайлы атмосферада демалуға мүмкіндік береді.Су процедураларын жағымды музыка тыңдаумен үйлестіріп, одан кейін жақындарыңызға массаж жасату қажет.
Бесінші қағида: қандай да бір күлкілі жақсы фильм көріңіз. Ал мұндай фильм әр фильмотекада барына сенімдіміз. Барынша күліп, көңіл көтеріп, осы көңіл-күйде ұзаққа қалуға тырысыңыз.
Бастысы — есте сақтаңыз: күйзелістен қашпау керек — өз-өзін ұстау қажет. Мәселен күйзеліс деген бізбен болған жағдай емес, бұл қандай да бір жағдайға қалай қарағанымыз. Ал күйзеліс симптомдарынан арылу үшін мынаны пайдаланыңыз:
1. Өз-өзіне гипноз жасау (бұл күйзелістен арылудың бірден-бір тәсілі)
2. Аутогенді жаттығу
3. Жеке күнделік бастау
4. Медитация (бұл күйзелістен арылудың ең жақсысы)
5. Йога – бұл тек күйзелістен арылуға ғана емес, жалпы организмді гармонияға келтіреді.
6. Дем алу жаттығулары
7. Ойындар (тек үстелдегі немесе компьютерді жай ойындар, азарттық ойындар тек күйзелістен арылтып қана қоймай, кейде кедергі келтіруі мүмкін)
8. Секс
9. Күлкі
10. Биологиялық кері байланыc
11. Музыкалық терапия
12. Жаяу серуендеу
13. Бау-бақшадағы жұмыс
14. Тайм -Менеджмент немесе жеке уақытын басқару
15. Жақсы көретін музыканы тыңдау
16. Дұрыс тамақтану
17. Адамдармен сөйлесу техникасын үйрену
18. Ароматерапия
19.Кофені және кофеині бар сусындарды ішуді азайту
20. Алкогольді шектеп ішу (асыра ішпеңіз!)
21. Көк чай
22. Теледидар бағдарламаларын және фильмдерді көру
Алдын-ала ескерту! Күйзеліс жағдайлары жиі болған кезде гипертонияны болдырмау үшін күні бойы күре тамырдағы қан қысымын өлшеу қажет және егер ұзақ уақыт бойы күйзелісте болсаңыз маманға жолығу керек.
Жылау
Бұл не?
Біз бәріміз білетініміздей, жылау – бұл күйзелткіш стрессті жеңілдететін эмоцианалды жеңілдеу. Бұл байланыстың ең бірінші әрекеттерінің бірі.
Кішкентай бала үшін жылау бүкіл әлемге өзінің наразылығын білдірудің амалы болып табылады. Барлық адам өмірінде бір рет болса да жылаған. Кез-келген адам көз жасына ерік бергеннен кейін ішкі жан дүниесінің жеңілдеп қалатынын біледі (кішкентай бала немесе ересек адам жылағаннан соң тез ұйықтап қалады). Бұл реакция адам ағзасының физиологиясына байланысты. Адам жылаған кезде оның ағзасынан тыныштандыратын зат бөлінеді. Ондай жағдайда қасында қайғысын бөлісетін адамның болғаны дұрыс.
Есіңізде болсын!
Егер адам көз жасын тыйса эмоцианалдық жеңілдемейді. Ішкі күйзеліс жағдайы созылған кезде адамның физикалық және психикалық денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. «Қайғыдан есін жоғалтыпты» деп бекер айтпайды.
Белгілері:
- жылайды немесе жылауға дайын тұрады;
- ерні дірілдейді;
- көңіл күйінің бәсеңдеуі байқалады;
- байбаламнан айырмашылығы іс әрекетінде қозу болмайды.
Егер қасында болсаң.
Көз жасы – өз сезімін сыртқа шығарудың бір түрі. Бұл жағдайда жылап жатқан адамды тыныштандырып керек емес. Бірақ, бір жағынан жылап жатқан адамның жанында болып көмектеспеген дұрыс емес. Көмек қалай көрсетілу керек? Жылап жатқан адамға қол ұшын беруге дайын екеніңізді білдіре алсаңыз жақсы. Көмекті тек сөзбен ғана жеткізбейді. Ол адамның қасына келіп, басынан, арқасынан сипап, оған өзіңіздің жанашырлығыңызды байқатып, арқашанда көмектесуге дайын екеніңізді білдіруге болады. «Жейдесіне жылау», «иығына жылау» деген сөздерді есіңізде сақтаңыз. Жылап жатқан адамның қолынан ұстауға болады. Кейбір жағдайларда созылған қол айылған мың сөзден де артық болады.
Агрессия
Бұл не?
Агрессиялық жағдай – бұл адам организмінің ішкі жоғары деңгейлі күйзелісін түсіретін әдістердің бірі. Ашу-ыза немесе агрессия көп уақытқа созылып, адамның өз жағдайына және қоршаған ортаға әсерін тигізеді.
Белгілері:
- Ашулану, көңіл толмаушылық, ызалану (кез-келген болмашы нарселерге бола ренжу);
- Жанындағы адамдарға жұдырықпен немесе әртүрлі заттармен қол жұмсау;
- Сөзбен балағаттау, айғай;
- Бұлшық еттік күшеюі;
- Қан қысымының көтерілуі.
Қасында болсаң қандай әрекет жасау керек?
Айналадағы адам санын азайту қажет.
Зардап шеккен адамның ішкі күйін сыртқа шығаруға мүмкіндік беріңіз (мысалы, сөзбен айтып салу немесе жастықты ұрғылау).
Жоғары физикалық күш түсетін жұмыс беріңіз.
Өзіңіздің жамандық тілемейтініңізді блдіріңіз.Зардап шекен адамның ойымен келіспесеңіз де оны кінәламаңыз, керісінше оның қылығы жайында әңгімелесіңіз. Бұлай жасамасаңыз оның агрессиясы сізге ауысуы мүмкін. «Сен қандай адамсың?» деген сөзді айтуға болмайды, оның орнына «Сен қатты ашулысың, сенің бәрін қиратқың келеді. Екеуміз бірге бұл жағдайдан шешім табуға тырысайық» деген сөздерді айтыңыз.
Жағдайды күлкілі нәрселермен немесе күлкілі қылықтармен өзгертуге тырысыңыз.
Агрессия жазаланудан қорқу кезінде тыйылуы мүмкін, егер:
- агрессиялық жағдайдан пайда табу мақсаты болмаса;
- жазалану түрі қатты болса және жазаның қолданылу мүмкіндігі жоғары болса.
Соңында айтқымыз келетіні, қайғылы оқиғадан кейін зардап шекен адамға дер кезінде қол ұшын беру оған көп көмегін тигізеді, сонымен қатар оның болашақта тұйық қорқу, жазықтылық және ашынушылық шеңберіне түсіп қалудан қорғайды.
Үрей – бұл адамның негативті оқиғаны күтуі, орнықсыз көңіл-күйі, түсіндіруге келмейтін күйі. Үрейленген адам жаман қылықтарға бармайды немесе оны жаман іс – әрекетке итермелемейді.
Егер қасында болсаңыз:
- үрейленген адамды сөзге тартып, оның неден қорыққанын түсіну өте маңызды. Бұл жағдайда адам өзінің неден қорыққанын түсініп, тыныштанады.
- жиі адам болып жатқан жағдайдан хабарсыз болғанда үрейленеді. Бұндай жағдайда жоспар құрып, қайда, қашан, не үшін екені туралы ақпарат жинауға тырысу керек.
- адамды ақыл-оймен жасалатын еңбекке алдандыру керек: оқу, жазу және т.б. Егер ол осындай жұмыстармен айналысса, оның бойындағы үрей бәсеңдейді.
- физикалық еңбек, үй шаруасымен айналысу адамды алдандырудың жақсы бір түрі. Мүмкіндік болса, жаттығу жасап, жүгіруге болады.
Ступор – адам организімінің қорғалу реакцияларының бірі. Бұл күй қатты жүйке шайқалуынан адамның өмір сүру жолында көп күш жұмасап, қоршаған ортамен араласуға халі болмағанда пайда болады.
Ступор бірнеше минуттар мен сағаттарға созылуы мүмкін. Сондықтан, зардап шегуші бұл күйді ұзақ уақыт кешсе, оның бойындағы күш-қуаты таусылады. Себебі, ол қоршаған ортамен қатынас жасамаған соң, төтіп тұрған қауіпті сезбейд.
Қасында болсаң қандай әрекет жасау керек?
Айналадағы адам санын азайту қажет.
Зардап шеккен адамның ішкі күйін сыртқа шығаруға мүмкіндік беріңіз (мысалы, сөзбен айтып салу немесе жастықты ұрғылау).
Жоғары физикалық күш түсетін жұмыс беріңіз.
Өзіңіздің жамандық тілемейтініңізді блдіріңіз.Зардап шекен адамның ойымен келіспесеңіз де оны кінәламаңыз, керісінше оның қылығы жайында әңгімелесіңіз. Бұлай жасамасаңыз оның агрессиясы сізге ауысуы мүмкін. «Сен қандай адамсың?» деген сөзді айтуға болмайды, оның орнына «Сен қатты ашулысың, сенің бәрін қиратқың келеді. Екеуміз бірге бұл жағдайдан шешім табуға тырысайық» деген сөздерді айтыңыз.
Жағдайды күлкілі нәрселермен немесе күлкілі қылықтармен өзгертуге тырысыңыз.
Агрессиялық көңіл-күй жазаланудан қорқу кезінде тыйылуы мүмкін, егер:
- агрессиялық жағдайдан пайда табу мақсаты болмаса;
- жазалану түрі қатты болса және жазаның қолданылу мүмкіндігі жоғары болса.
Соңында айтқымыз келетіні, қайғылы оқиғадан кейін зардап шекен адамға дер кезінде қол ұшын беру оған көп көмегін тигізеді, сонымен қатар оның болашақта тұйық қорқу, жазықтылық және ашынушылық шеңберіне түсіп қалудан қорғайды.
Қорқыныш – бұл шын немесе адам ойындағы қорқыныштан туған қауіптен пайда болған адам бойындағы өзін-өзі қорғау инстинкті негізіндегі жағдай. Қорқыныш субектілік жіне обектілік себепке ие. Қорқыныш жеке адамдарда және топтар мен көптеген массаларда болады.
Жанында болсаң не істеу керек?
- Қорыққан адамды жалғыз қалдырмау қажет. Жалғыз қорқыныш сезімін сейілту мүмкін емес.
- Адаммен қорыққан заты туралы әңгімелесіңіз. Қорыққан нәрсесі туралы сөйлескен дұрыс емес деген пікір бар. Бірақ ғалымдар қорыққан адамның өз қорқынышы туралы әңгімелессе, ол соншалықты жоғары емес екендігін түсінетінін ертеде зерттеп көрсеткен. Сондықтан, адам өз қорқынышын айта бастағанда, оны тыңдап, сол тақырыпта сөйлесіңіз.
- Адамды «Бұл туралы ойлама!», «Бұл назар аударатын зат емес», «Бұл ақымақтылық» және т.б. деген сөздерді айтпаңыз.
- Қорыққан адамға әртүрлі жаттығулар жасатыңыз, мысалы,
- Қолыңызды ішіңізге қойып, ақырын дем алыңыз, демнің қалай кеудеңізді, содан соң ішіңізді толтырғанын сезіңіз. Деміңізді 1-2 секундке ұстап тұрыңыз. Демді жіберіңіз. Басында ішіңіз, сонан соң кеудеңіз босайды. Бұл жаттығуды 3-4 рет қайталаңыз.
- Терең демалыңыз. Деміңізді 1-2 секундке ұстап тұрыңыз. Ақырындап деміңізді босатыңыз. Демалып жатқанда 1-2 секундке пауза жасаңыз. Бұл жаттығуды 3-4 рет қайталаңыз. Егер адамға бұл жағдайда демалу қиынға соқса, онымен бірге жасаңыз. Бұл оның жалғыз емес екенін түсініп, қасындағы көмекті байқайды.
- Егер кішкентай бала қорықса, онымен оның қорқынышы туралы сөйлесіп, онымен бірге ойнап, сурет салып, сазбалшықтан әртүрлі заттар жасап, онымен жұмыс жасаңыз. Бұндай жаттығулар баланың өз сезімін білдіруіне көмектеседі.
- Адамды кез-келген іспен айналыстырыңыз. Бұл қылығыңызбен оны уайымнан көңілін бөлесіз.
Есіңізде болсын – қорқыныштың пайдасы болуы мүмкін, (қауіпті нәрселерден құтылуға көмектескен кезде) сондықтан онымен сіздің қалыпты өміріңізге кедергі жасаған жағдайда ғана күресу қажет.
Жүйке дірілі
Экстремалды жағдайдан кейін адам бойында өзіне ерік бермейтін жүйке дірілі пайда болады (адам өз қалауымен бұл дірілді тоқтатуға шамасы жетпейді). Осылай адам бойындағы қысымды шығарады.
Егер бұл реакцияны тоқтатса, қысым іште қалып, адам бойында бұлшық еттерді ауыртады, содан соң гипертония, язва және т.б. сияқты аурулардың тууына әкеп соғады.
Бұл жағдайдың негізгі көрсеткіштері:
- діріл аяқ астынан пайда болады, оқиға болғаннан соң бірден немесе біраз уақыт өткеннен соң;
- дене дірілі немесе жеке-жеке дене бөліктерінің дірілі басталады (ұсақ заттарды ұстай алмай қалады, темекіні тұтатуға да шамасы келмейді);
- реакция көп уақытқа созылады (бірнеше сағатқа дейін);
- содан соң адам қатты шаршағанын байқайды да, демалысты қажет етеді.
Жанында болған жағдайда не істеу қажет?
- Дірілді күшейту керек.
- Зардап шеккеннің иығынан ұстап қатты жұлқыңыз.
- Онымен сөйлесуді жалғастырыңыз, өйткені сіздің қылығыңызды дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.
- Реакция аяқталғаннан соң, зардап шеккенге демалуды қамтамасыз етіп, оны ұйықтату қажет.
Зардап шеккенді құшақтап қысуға, жылы затпен қымтауға, оны тыныштандырып, өз-өзіңді бақылауда ұста деуге болмайды.