Біз сіздерге қысқы уақытта үйде өрт шыққанда қажет болатын ең қарапайым қауіпсіздік шараларын ұсынамыз. Сіздің барлық отбасы мүшелері мынадай өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауларына көз жеткізіңіз:

Қосулы электр жабдықтарын ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.

Егер үйіңізде пеш болса, онда пештің мойнын (түтін құбырын) үнемі тазарту керек. Пешті пайдалану кезінде оның алдына әрқашан қорғағыш тор қойыңыз.

Перделердің, төсемшелердің, дастарханның, төсектің тасымалданатын  жылытқыштарға жақын орналасуына бермеңіз.

Дымқыл киімді жылытқыштар мен пештерден кемінде 1 метр қашықтықта кептіріңіз, оларды қарусыз қалдырмаңыз.

Әр розеткада тек бір  электр құрылғыдан қолданыңыз, пайдаланып болған соң, өшіруді ұмытпаңыз.

Ұйықтар алдында майшам мен ашық отты өшіріңіз.

Майшамдар мен кез келген ашық отты пайдалану кезінде әрқашан аса мұқият болыңыз.

Сіріңке мен тұтандырғышты кішкентай балалардың қол жетпейтін, қауіпсіз орындаңыз.

Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа элементтері тікелей жылыту маусымының алдында тазартылуы тиіс. Ал жылу беру маусымы қарсаңында – 2 айда 1 рет тазалаңыз.

Отпен жылытуды пайдалану кезінде:

- жағылатын пешті қараусыз қалдыруға;

- жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;

- қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, ағаш) пештер мен түтіндіктердің беттерінен 0,5 м кем болатын арақашықтықта кептіруге тыйым салынады.

ҚЫСҚЫ УАҚЫТТА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Жылу беру жабдығын орнату кезінде осындай жұмыстарды орындайтын мамандардың қызметіне ғана жүгініңіз.

Жанғыш сұйықтықпен, газбен немесе ағашпен жұмыс істейтін жылу беру жабдығына жыл сайын  техникалық қызмет көрсету қажет.

Қысқа тұйықталу мен артық жүктемеден электр желілерін қорғау үшін электр сақтандырғыштарды тек көрсетілген қуатта ғана қолданып, авариялық ажыратқышты қосыңыз.

Жанып жатқан майшам мен кез келген ашық отты ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.

Үйдегі өрт туралы дер кезінде хабарлау үшін өрт хабарлағышын орнату ұсынылады.

Сіз бен сіздің отбасы мүшелері үйдегі әр бөлмеден шығатын қосымша ықтимал шығу жолын білуі тиіс.

Сізде өрт шыққан жағдайда іс-қимыл жасау үшін эвакуациялау жоспары болуы тиіс, сіз ол жоспар бойынша үнемі жаттығуыңыз қажет.

ӨРТ ШЫҚҚАН ЖАҒДАЙДА «101» ХАБАРЛАҢЫЗ