Часто задаваемые вопросы (Вопросы и ответы) - Кадрлар бойынша сұрақтар

Сұрақ-жауап - Кадрлар бойынша сұрақтар
Мен Губашев Муратбек 2001 жылдан бастап өрт сөндіру бөлімінде жүргузуші болып қызмет атқардым. 2012 жылы жалпылай аттестация болып, аттестациядан өттіңдер, бәрі жақсы,-деп шығарып салды. Содан он- он бес күннен кейін аттестациядан өте алмай қалдың, жұмыстан босайсыңдар,-деді. Бірақ аттестация тапсыру парақшасы, ешқандай құжат көрсеткен жоқ. Арада аз уақыттан кейін өрт сөндіру бөліміне аға техник болып қызметке орналастым, бұл мамандықта пагоным және старшина шенім берілген жоқ. Осы кезге дейін ескерту алған не түсініктеме жазған кезім болған жоқ. Менің төрт балам бар. Айлық табысым өте аз. Мен өз қызметіме ауысып, шенімді қайта алғым келеді. Осы мәселе жөнінде Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кадр бөліміне барсам олар маған біздің қолымыздан ештеме келмейді, бұл Астанадан солай келіп тұрған бұйрық,- деп шығарып салады. Маған осыны мәселені шешіп, не үшін мені қызметімнен босатқанын біліп берулеріңізді сұраймын және жауап күтемін. Имя:Губашев М.С. Адрес эл.почты:janar_82_80@mail.ru Категория вопроса:Вопросы по кадрам Текст:Мен 2001 жылдан бастап өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып қызмет атқардым. 2012 жылы аттестация тапсырып ауызша өттіңдер деп шығарып салды. Бірақ он-он бес күннен кейін аттестациядан өтпедіңдер деп жұмыстан босатты. Қалай аттестациядан өтпедік деп сұраганымызда қолымызға ешқандай құжат көрсеткен жоқ. Содан кейін мен аға техник қызметіне ауысқаныммен пагондарымды алып тастады. Сол пагонымды, аға сержант званиемді қалай қайтарып алуыма болады. Өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқарғаныма 17 болды. Кадр бөліміне барсам біздің қолымыздан ештеме келмейді, Астанадан келген бұйрық- деп айтады. Осылай жұмыс орнымнан босап қалдым, енді алға қарай өз орныма қалай кері орналасуыма болады. Осы қызмет атқарған 17 жыл ішінде бірде-бір түсініктеме жазып не тәртіптік жазаға тартылып көрмеппін. Осы сұрағыма нақты жауап беруіңізді сұраймын.