Часто задаваемые вопросы (Вопросы и ответы) - Нормативті-актілер бойынша сұрақтар

Сұрақ-жауап - Нормативті-актілер бойынша сұрақтар
Құрметті Министр мырза! Біздің мекеме өрт-жарылыс қауіпті санаттағы нысанға жатпайды. Алайда мекеме аумағында 13 дана өрт қалқандары жасақталып, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен толықтай жабдықталған. Менің білгім келгені: «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы №1077 санды Қаулысының 4-қосымшасы ескерпесінің 1-ші тармағында Кәсіпорын аумағында әрбір 5000 (м2) шаршы метрдегі өрт қалқанында 2 дана балта болуы керек делінген. Ал осы қағиданың 1097 тармағында өрт қалқандарын ҚР ІІМ 2017 жылғы 23 маусымдағы №439 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптары» Техникалық регламентінің 14 қосымшасына сай жасақтау керек делінген. Аталған Техникалық регламенттің 14 қосымшасының 4 кестесінде өрт қалқандарында балта болуы керек делінген мәлімет жоқ. Осыған байланысты өрт қалқандарын алғашқы өрт құралдарымен жабдықтауда жоғарыда аталған Нормативтік актілердің қайсысын басшылыққа алу керек? Жауабыңызға алдын ала рахмет!