Часто задаваемые вопросы (Вопросы и ответы)

Мен Астанадан 30 км қашықтықтағы Бозайғыр ауылының тұрғынымын. Астана-Көкшетау бағығытындағы өткізу бекеті жиі жабылып қала береді. Біздің ауылдың 80% халқы Астана қаласында жұмыс істейді. Кешкі уақытта бала-шағамызға жету қиын болып отыр. Ауылда жұмыс жоқтығын, халықтың көп бөлігі қалада жұмыс істейтінін ескере отырып жақын ауыл тұрғындарын құжат тексеру арқылы бекеттен өткізулеріңізді сұраймыз!

«Жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 74 қаулысына сәйкес, жолдарда көлік құралдарының жүрісін уақытша тоқтату немесе оған уақытша шектеу енгізу жол иелерінің құзыретіне кіреді.

Уақытша шектеу енгізу туралы шешімді жол иелері жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп қабылдайды.

Жолдарда қолайсыз жол-климат жағдайлары орын алған кезде, жол иелері жолдарда бекеттерді ұйымдастыру мен белгілерді орнатуды жүргізетін жол жүрісі қатысушыларына және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін хабарлауды қамтамасыз етеді.

Төтенше жағдайлар комитеті бөлімшелерімен смс-хабарлама жіберу арқылы халықты құлақтандырады.