Часто задаваемые вопросы (Вопросы и ответы)

Cаламатсыздар ма? Менің сұрағым төмендегідей: Жер үйді аппаттық жағдайда екенін қай мекеме анықтайды. Рахмет!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларының 9-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес тұрғын үй алу үшін азаматтар тұрғын үй комиссиясының қарауына жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жергілікті атқарушы органдардың осы жағдайды растайтын анықтамасын тапсырады. Осымен бірге, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің құзіретіне жатады.