Часто задаваемые вопросы (Вопросы и ответы)

Cәлеметсізбе? Менің оқыған мамандығын мұнай және газ ісі . Сіздің комитетте жұмыс жасай аламын ба?

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының         10-бабына сәйкес, құқық қорғау органдарының қатардағы  және кiшi басшы құрам лауазымдарына – жиырма бес жастан аспаған, орта және аға басшы құрам лауазымдарына – отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Заңның 7-бабы бойынша, құқық қорғау органдарына қызметке тұру, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Өткізілетін конкурстар туралы және қосымша мәлімет алуыңыз үшін, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне жүгінуіңізге болады.