Қыс кезеңіндегі жағдайда, температура төмендегенде, қатты жел болғанда және қар қалың жауған кезде көлік құралдарының жүргізушілері мынадай қауіпсіздік шараларын сақтаңыз
Егер боранда жолда қалсаңыз – жолдан ауытқып кетпеуге тырысыңыз, жолдың трассаның, асфальттің бойымен, телеграф және электр бағаналарының бағыты бойынша жүре беріңіз;
Егер жолда бірнеше адам болса (бірнеше машинада), жасырыну үшін барлығы жиналып бір көлікке отырғаны дұрыс, қозғалтқыштардың суын төгіп тастау керек.
Машина ішінде азық-түлік қоры, ыстық шай құйылған термос болсын.
Автомобильде тасымалы жылытқыш болсын (стеарингті май шам, данекерлеуші шамын және сіріңке).
Ұялы телефонға арналған қуат бергіш құрылғысын жолға ала шығыңыз.
Машинаны капотымен желге қарсы қойып, барынша жылыныңыз, пешті үздіксіз жаға бермеңіз (жылуды үнемдеңіз). Боран астындағы машина ішінде жылынғыңыз келсе, пайдаланылған газ шығаратын құбырды тазартқаннан кейін, пешті қосыңыз (әйтпесе, тоңбас бұрын, сіз шығарынды газдардан қаза боласыз).
Салонның ішінде қалып қоймас үшін, сырттан қар басып қалмау үшін, қарды тазартып, есікті итеріп, есіктің біреуін оқтын-оқтын ашып отырыңыз.
Машинаның жанынан алысқа кетпеңіз, өйткені күшті боранда бағдарды жоғалып алуыңыз ықтимал.
Жазатайым оқиғаға тап болмау үшін мүмдігінше, әсіресе түнге қарай және ауа райы нашарлаған кезде жол жүруден және жорыққа шығудан бас тартыңыз.
Кез келген жағдайда үрейленбеңіз, тыныштық сақтаңыз.
Егер Сіз ғимаратта болған кезде дауыл (құйын) басталса, онда терезелерден алыс тұрып, ішкі үй-жайлар, дәліздерде, қоса салынған шкафтардағы, ванна бөлмелеріндегі, дәретханада, қоймалардағы, берік шкафтардағы, үстелдердің астындағы қауіпсіз орында тұрыңыз.
Пештегі отты өшіріңіз, электр қуатын ажыратыңыз, газ желісіндегі крандарды жабыңыз. Тәуліктің түнгі уақытында қолшам, шам, шырағдан пайдаланыңыз: Төтенше жағдайлар органдары мен төтенше жағдайлар комиссиясынан ақпарат алу үшін радиоқабылдағышты қосып қойыңыз; мүмкіндігінше терең таса жерде, жасырын паналарда, жертөлелерде және т.б. болыңыз. Егер дауыл немесе құйын Сіз көшеде жүргенде басталса, онда жеңіл құрылыстардан, ғимараттардан, көпірлерден, эстакадалардан, электр беру желілерінен, мачталардан, ағаштардан, өзендерден, көлдерден және өнеркәсіптік объектілерден алыс жүріңіз. Ұшқан сынықтар мен әйнәктердің сынықтарынан қорғану үшін фанераның беттерін, картон және пластмас жәшіктерін, тақтайларды және басқа да қолда бар құралдарды пайдаланыңыз. Елді мекендерде болатын жертөлелерге, жер асты қоймаларға және радиацияға қарсы жасырынатын жерлерге тезірек жасырынуға тырысыңыз. Зақымданған ғимараттардың ішіне кірмеңіз, өйткені олар жаңадан дауыл болғанда қирауы мүмкін.
Шаңды дауылда бетіңізді дәке таңғышпен, орамалмен, матаның жыртысымен жауып, ал көзіңізге көзілдірік киіп алыңыз. Құйынның келе жатқаны жөнінде сигнал түскен жағдайда дереу жасырын жерге, үйдің жертөлесіне, жер қоймаға немесе кереуеттің астына және басқа да мықты жиһаздың астына тығылыңыз. Егер құйын Сіз ашық жерде болған кезде басталса, онда жол кюветінің түбіне, шұңқырларда, ойықтарда, жіңішке аңғарларда жерге жатып, басыңызды киіммен талдың талшықтарымен жауып жасырыныңыз. Автокөлікте қалмаңыз, одан шығып жоғарыда көрсетілгендей жасырыныңыз.
Қатты ыстық(аптап) – бірнеше күн бойы ауаның орташа плюстік температурасы 10 немесе одан да жоғары градусқа жоғарылауымен сипатталады.
Қауіп адам денесінің қатты қызуы, яғни дене қызуының 37,1 градус Целсийден жоғарылауында немесе жылудың бұзылуы-дене қызуының 38,8 градус Цельсийге жуықтауында болып табылады. Жылу қауіпті жағдай жылу өтуге немесе жүрек қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін ұзақ немесе қатты қыздыру кезінде пайда болады. Қатты қызудың белгілері: терінің қызаруы, сілемейлі қабықтың құрғақтығы, қатты шөлдеу болып табылады. Ары қарай естен танып, жүрек пен тыныс алудың тоқтап қалуы мүмкін.
Үсік шалу – төмен температураның әсерінен ағзаның кез –келген жерінің бүлінуі. Әдетте үсік шалу суық қыс мерзімінде қоршаған  ортаның температурасы 100С-200С төмендеген жағдайда туындайды.
Үсік шалудың белгілері:
  • Тері реңі ақшыл-көк;
  • Темературалық, тактильдік (қолмен ұстағанды сезу) және ауырсыну сезімі болмайды;
  • Жылынғанда қатты ауыру, қызару және жұмсақ бұлшық еттерінің ісінуі пайда болады;
  • Аса терең зақымданғанда 12-14 сағаттан кейін қанға толы көпіршіктер пайда болуы мүмкін.
Үсік шалу дәрежесі:
  • І дәрежелі үсік шалу (ең жеңіл түрі), әдетте, суықтың қысқа уақытта әсер етуінен туындайды. Зақымдалған тері учаскесі ақшыл болып, жылынғаннан кейін қызарады, кей-кезде реңі бозғылт-қызыл болады, ісік туындайды. Тері жансызданбайды. Үсік шалғаннан кейін бір апта соңында тері қабаты түсе бастайды. Науқас үсік шалғаннан кейін 5-7 күннен кейін жазылып шығады. Бұндай үсік шалудың негізгі белгілері – күю сезімі, зақымдалған тері учаскесінің шаншып соңынан ұйып қалуы. Содан кейін тері қышуы мен ауырсыну пайда болады, олар әлсін-әлсін бірақ анық болады. І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.
  • ІІ дәрежелі үсік шалу, әдетте, суықтың ұзақ уақытта әсер етуінен туындайды. Алғашқы уақытта тері ағарады, тоңады, жансызданады. Бірақ, бұл белгілер үсік шалудың барлық дәрежелерінде байқалады. Сондықтан, бұл үсік шалу дәрежесінің ерекшелігі, алғаш күннен бастап зақымдалған тері орнында іші түссіз сұйыққа толған көпіршіктердің пайда болуы. Тері қабатының толық жазылып шығуы 1-2 аптаға созылады, зақымдалған жерде тыртықтар қалмайды. ІІ дәрежелі үсік шалғанда жылытқаннан кейін ауырсыну І дәрежелі үсік шалғаннан ұзағырақ және қарқынды болады, тері күйіп, қышу мазалайды.
  • ІІІ дәрежелі үсік шалу- суықтың әсер ету уақыты ұзарады және төмен температураның жұмсақ етті терең зақымдайды. Алғашқы уақытта пайда болған көпіршіктердің іші қан аралас сұйыққа толады, түбі қызғылт-көк, түршігу сезінбейді. Терінің барлық элементтері өле бастайды және соңында үсіген жер түйіршектеліп тыртық пайда болады. Түскен тырнақтар өспейді, ал өскен жағдайда деформацияға ұшырайды. Өліп қалған тері қабаты 2-3 аптада түседі, ал соңынан тыртықтану 1 айға дейін созылады. ІІІ дәрежелі үсік шалғанда ауырсыну ІІ дәрежелі үсік шалғаннан ұзағырақ және қарқынды болады.
  • ІV дәрежелі үсік шалу- суықтың әсер ету уақыты өте ұзақ және төмен
  • жұмсақ етті өте терең зақымдайды. Бұл дәрежеде үсік шалудың ІІ және ІІІ дәрежесі қатар жүреді. Жұмсақ еттің барлық қабаттары өледі және сүйек пен буындардың зақымдануы жиі кездеседі. Зақымдалған қол-аяқтар ерекше көк түсті, кей-кезде мрамор сияқты сұр түсті болады. Жылытқаннан кейін ісік пайда болып өте тез ұлғая бастайды. Тері температурасы зақымдалмаған жерден әлдеқайда төмен. ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған орындарда көпіршіктер пайда болады. Үсік шалған жерде көпіршіктердің жоқ болуы және ісіктің үлкен болуы – үсік шалудың төртінші дәрежесін көрсетеді. Ауаның төмен температурасында ұзақ болу үсікке шалдырып қоймай, ағзаның толық сууына әкелуі мүмкін.
Үсік шалған кездегі алғашқы көмек
Алғашқы көмек дегеніміз- тоңуды тоқтату, қол-аяқтарды жылыту, суықтан зақымдалған учаскелерде қан айналуды қалпына келтіру және ифекцияның дамуына жол бермеу. Ең алдымен, үсік шалу белгілері бар науқасты жылы жайға жеткізіп, аяқ киімін, шұлығын және қолғабын шешу керек. Дереу жедел жәрдем шақырту қажет.
І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.
ІІ-ІV дәрежелі үсік шалғанда тез жылыту, массаж немесе уқалау жасаудың қажеті жоқ. Зақымдалған жерге жылу шығармайтын дәке таңу қажет (қабатталған мата, қалың мақта қабаты, тағы да мата, үстінен клеенка немесе резеңке мата). Зардап шеккендерге ыстық тамақ, ыстық шай, 1-аспирин,1- анальгин және 2 таблекта но-шпа дәрісі беріледі.  
Жиі жағдайда найзағай ашық жерлерге немесе жеке тұрған ағашқа түседі. Ғимаратқа түсуі біршама сирек, ал орманға түсуі одан да сирегірек. Сондықтан  найзағайлы қара бұлттар қаптап келе жатқанда алдын ала тоқтап, қауіпсіз орын тауып алған ләзім.
Тұрғын үйлер бар жерде үйге кіріп  паналаңыз немесе автомобильге жасырыныңыз. Және де бұл орайда желорай соқпау үшін есік пен терезелерді  мықтап бекітіп қойыңыз,  теледидар, компьютер, жылытқыш секілді барлық электр құралдарын сөндіріп, жарықты өшіріп қойыңыз. Шұғыл қажеттілік болмаса телефонды да пайдаланбаңыз.
Егер ауылдық жерде болсаңыз, онда терезелерді, есікті, түтіндікті және желдеткіш тесіктерді жабыңыз. Пеш жақпаңыз, өйткені пеш мұржасынан шыққан жоғарғы температуралы газдардың кедергісі төмен болады.
Егер көшеде келе жатсаңыз, найзағай аймағында жүгіруге немесе  шалт қимылдауға болмайды. Бойыңыздағы алтын тізбек, сақина, сырға секілді барлық металл әшекейлерді  шешіп тастаңыз. Электр берілісі бағандарына немесе биік ағаштарға жақындамаңыз. Металл қоршаудың, болат құбырлардың, рельстердің жанына бармаңыз.Сондай-ақ электр берілісі сымдарына жақындамаңыз. Ауыл шаруашылығы техникаларына, мотоцикл, велосипед секілді шағын көлік құралдарына жуымаңыз.
Егер сіз найзағай кезінде суға түсіп жүрсеңіз немесе қайықта отырсаңыз дереу жағалауға шығыңыз, өйткені су электр тогын өткізгіш  болып табылады.
Орманда жүрген болсаңыз, бұтақтары мол аласа ағаштың астына жасырыныңыз. Найзағай жиі жағдайда еменге, терекке, шегіршінге, сирегірек шырша мен қарағайға, анда-санда ғана қайың мен үйеңкіге түседі. Найзағай кезінде  тоғай шетінде, үлкен алаңқайларда, су ағып жатқан жерлерде  тұрмаған абзал.
Тауда жүрсеңіз, найзағай жақындап келе жатқанда биіктен, жотадан, шоқыдан, шыңнан етекке түсу керек. Жартастарға, жалама қабырғаларға сүйенбеңіз. Асты  қуыс жартастардың астына жасырынбаңыз, одан да үңгірге жасырынып, қабырғадан 2 метрдей алыстау отырыңыз.
Жапан түзде, ашық жерде найзағайдан құрғақ шұңқырлар мен қанауларға, жыраларға жасырыныңыз. Егер оларға су тола бастаса тезірек кетіп қалыңыз. Және де  құмдақ және тастақ топырақтың   балшықтан гөрі қауіпсіздеу екені есіңізде болсын.