Электронды және электрлік жабдықтар қалдықтарының құрамында қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар адам денсаулығына да кері әсер ететін кадмий, сүрме, қорғасын, сынап сияқты қауіпті заттар және олардың қосылыстары болады. Адам ағзасына түскеннен соң, олар онда ұзақ қалады және ақырындап бауырда, бүйректе, сүйекте, қалқанша безде жинақталады және онкологиялық аурулардың туындауына себеп болуы мүмкін.
Сондай-ақ, лазерлі принтерлерде тонерлер орнатылған, олардың химиялық құрамындағы: көміртек полимерлерінің қосылыстары, темір оксиді, органикалық қосылыстардағы қалайы және органикалық емес қоспалар, зерттеулерде көрсетілгендей бас ауруын, жөтелді, температураның көтерілуін, сырқаттануды тудырады.

Биік ғимараттарда өрт шыққан кезде қалай іс-қимыл жасау керек

Өрт қауіпсіздігі ережесін толықтай орындамау, ақаулы техниканы пайдалану, балалардың отпен ойнауы, мас күйінде төсекте темекі шегу, үй-жайларды шамадан тыс толтыру, қосалқы шығу жолдары санының аз болуы,  өту жолдарының үймеленуі және өрт сатыларының барынша тотығуы – мұның бәрі трагедияға әкеледі.
Коммуналдық желілер орнатылған қазіргі заманғы көп қабатты ғимараттарда бір қабатта болған өрттен жалын басқа қабаттарға күрт таралып, жалынның жолына кезіккен адамдардың жолын кесіп, аса қауіптілік танытады.
Мұндай ғимараттарда өрт жанғыш заттар мен дәліздер мен үй-жайлардың ішкі өңдеулері, сондай-ақ терезе жолдары арқылы төменнен жоғарыға қарай тез таралуымен сипатталады.
Жалын мен түтіннің таралуының негізгі жолдары – саты торлары, лифт шахталары, әр түрлі коммуникацияларға арналған арналар, далдалардағы саңылаулар.
Төменгі қабаттардың бірінде өрт шыққан кезде 5-6 минуттан кейін түтін саты торының биіктігімен таралып, түтіннің соншалықты қою болатынын ескере отырып, ол жерде  тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарынсыз болу мүмкін емес.
Жоғары қабаттардағы, әсіресе желдің өтінде орналасқан бөлмелерде түтіндену қатар болады. Көрудің нашарлауы, үрей, жану өнімдерінің улы әсері адам өліміне әкелуі мүмкін. Қызған жану өнімдері саты торларына түсіп, ауа температурасын арттырады. Өрт шыққаннан кейін бесінші минутта өрт орнына жанасқан саты торындағы температура 120-140°С жетіп, адам үшін шекті рұқсат етілген мәнінен (60°С) едәуір асады.
Өрт шыққан жерден екі-үш қабаттың көлеміндегі саты торының биіктігінде  жылу (100-150°С) түзіліп, одан жеке қорғану құралынсыз өту мүмкін болмайды.
Ғимараттың қасбетінде көлденең бөгеттер болмаған жағдайда жалын  өрт шыққан сәттен бастап терезе арқылы 15-20 минуттан соң балкон, лоджия, терезе арқылы жоғарыға таралып, құрылыс заттарының жаңғыш элементтері мен жоғары орналасқан қабаттардағы тұрмыстық заттарды тұтандыруы мүкін.
Тұрғын үй ғимаратындағы өрт саны, өкінішке орай, тұрғындардың өздерінің ұқыпсыздығынан орын алып жатады. Сондықтан, тұрғындар негізгі ережелерді білуі тиіс.
 
Биік қабаттағы өрт қауіпсіздігі ережесі
Әр тұрғын ғимаратты өрттен қорғау негіздері мен өрт шыққан кезде іс-қимыл жасауды білуі тиіс. Биік қабатты үйлердің өзіндік ерекшеліктері бар: түтінденбейтін саты торларымен, түтін жою құрылғыларымен, өрт крандары бар өртке қарсы су құбырымен, автоматты өрт дабылымен және басқаларымен жабдықталады.
Өрт кезінде негізгі қауіптілікті тудыратын – түтін, ол жоғарғы қабаттарға тез тез таралуы мүмкін. Саты торларынан түтінді жою үшін арнайй желдеткіштер бар, олар кіреберіс бөлмелерде орнатылған тетіктердің көмегімен қашықтықтан немесе өрт сөндіру тетіктерінен автоматты түрде қосылады.    
Түтіннің пәтерлер мен қабаттарға таралуына есіктерде орнатылған тығыздайтын резеңке төсемдер (дәліздер мен саты торларындағы есіктердегі серіппелер) кедергі келтіреді.
Жоғарғы теғмпература мен қою түтіннің әсерінен пәтерден шығу мүмкін болмаған жағдайда алтыншы қабаттан бастап балкондарда орнатылған металл өрт сатыларын пайдалануға болады.
Ғимараттан адамдарды эвакуациялаудың  негізгі жолы — түтінденбейтін саты торлары. Сатылардың түтінденбеуі артық ауа қысымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мұндай саты торларында тікелей сыртқа шығу жолы бар.
Естеріңізде болсын! Биік қабатты ғимараттар өрт крандарымен жабдықталған ішкі өртке қарсы су құбырымен жарақталады. Олардың орналасқан жерін есте жақсы сақтау қажет.
Пәтерлердің кіреберіс бөлмесінде өрт хабарлағыштары орнатылады. Олардың іске қосылуы туралы белгі диспетчер пультіне беріледі.
Лифтілер өрт кезінде адамдарды эвакуациялаудың құралы болып табылмайды. Бірінші қабатқа түскеннен кейін оларды өшіреді.
Азаматтар мыналарға:
• өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
• бөлмелер мен құрылыстарда алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт сөндіру жарағын (суы бар шелек, өрт сөндіргіш, плащ- жапқыш немесе көрпе және т.б.) ұстауға;
• жалынды байқаған кезде ол туралы дереу өртке қарсы қызметіне хабарлауға;
• өрт сөндіру қызметі келгенге дейін адамдарды, мүлікті құтқару және өрт сөндіру бойынша шаралар қабылдауға;
• өртке қарсы қызметтің лауазымды тұлғаларына  тексеріс жүргізуге  және тұрғын, шаруашылық қорды  қарауға мүмкіндік беруге;
• пәтер есіктерінің ысырмаларында тығыздайтын төсемшелердің болуына қадағалауға;
• балкондардағы люктерге үнемі қол жеткізуге мүмкіндіктің болуына, ал қысқы уақытта оларды қар мен мұздан тазартуға;
• өрт крандары орналасқан  дәліздердің есіктеріне құлып салмауға;
• саты торларының, лифт холлдарының және олардың тамбурларының есіктерінде өздігінен жабылатын құрылғылардың болуын қадағалауға;
• дәліздерде, балкондарда және лоджияларда заттарды сақтамауға;
• өтетін балкондар мен лоджиялардағы секциялар арасындағы жеңіл далдаларды күрделісімен ауыстырмауға;
• вестибюльдерде  түтінденбейтін саты торларын және сол түтінденбейтін саты торларында қоймаларды орнатпауға;
• өрттен қорғау құралдарының қандай да бір ақаулығы байқалғанда дереу диспетчерлік бекетке хабарлауға міндетті.
Пәтерлерде  өрт қауіпсіздігі талаптарын  бұзушылық үшін жауаптылық  жауапты пәтер жалдаушыларға жүктеледі. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар үшін жауапты тұлғалар тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарылуы мүмкін.
Есте сақтаңыздар! Өртте адамдар жалынан емес, түтін әсерінен қаза болуы мүмкін (түтінденген ауамен бірнеше дем алған есінен тану үшін жеткілікті).
Пәтерде өрт шыққан кезде іс-әрекет жасау ережесі: 
— кез келген қолайлы тәсілмен  жалынды ауыздықтап, крандағы суды бүркіп, гүл өсіп тұрған ыдыстағы топырақты, тығыз матаны пайдалана отырып, жалынды жауып, оның одан әрі таралуына жол  бермеу;
— егер өзіңізге қауіптілік төндірмей, телефонға қол жеткізе алсаңыз, өрт сөндіру қызметін шақыру үшін «101» телефонына хабарласу қажет.
         Мекенжайды нақтырақ түсіндіру керек;
— терезеге барыңыз. Өрт командасын  шақыру үшін адамдардың назарын аудартуға тырысыңыз. Өрт сөндірушілердің келгенін күтіңіз. Олар әдетте бірнеше минуттан соң келеді;
— өрт аймағынан шығып, дымқыл шүберек, мата, дәке арқылы тыныстау;
— көру мүмкіндігі 10 метрден аз болғанда түтінденген аймаққа өтпеу;
— кішкентай балаларға ерекше назар аудару, олар үстелдің, кереуеттің астына, бұрышқа тығылып қалуы мүмкін. Оларды бірінші кезекте көшіреді;
— егер есік ыстық болса — оны абайлап ашу қажет (металл бөліктеріне жақындамаңыз — олар қатты ыстық болады);
— жолдардағы барлық есікті жабу керек (жабық есік өртті 15 минутқа бөгейді);
— егер өрт төменгі қабаттарда шықса, әрі сыртқа шығатын жолға кедергі келтірсе, онда шатырға шығып, көмекті күту керек;
— ыстық бөлмеде жарылу болған кезде ыстық және синтетикалық киімнен тезірек құтылып, оның орнына мақта маталы киім киіп, суды мүмкіндігінше  үстіне көбірек құйып,  сулы жапқышқа, киім-кешекке орану қажет, тыныс алу жолдарын ылғалды матамен қорғау қажет, тыныс алуды мүмкіндігінше реттеу керек, желдің өтіне жол бермей, есікті жауып, өрт шыққан жерге оттегінің өтуіне кедергі келтіру керек; 
— қою түтінге оранған бөлмеде секіріп не болмаса еденге жақын еңбектеп жүру қажет;
— егер сіз ғимараттың жоғары қабаттарындағы от шалған бөлмеде қалған болсаңыз, ал саты мен дәліз отқа оранса, барлық крандарды ашып, шелекпен су алып, есіктің екі жағына су шау керек, дұрысы – оларға дымқыл көрпелер мен төсемшелер ілу, одан соң терезені ашып, бөлмеден тез тұтанғыш заттарды, әсіресе синтетикалық заттарды лақыру керек, киімді сулап, қасыңызға су мен ылғалды шүберек қойып, мұрын мен ауызды ылғал матамен қорғау керек, жалын жақын келген сайын терезеге мүмкіндігінше жақын бару керек, өйткені түтін әсерінен естен тану мүмкін;
— шатыр мен жертөледе өрт шыққан жағдайда өрт сөндіру машинасын шақырып, олар келгенше өрттің таралуына жол бермеу үшін есік пен терезені  мықтап жауып қою керек;
— есіктер мен терезелерді тек отты сөндіргеннен кейін ғана желдетуге ашуға болады.
Пәтерлерден эвакуациялау кезінде:
1. Барлық электр- және газ аспаптарын өшіру қажет.
2. Лифтілерге қолдануға болмайды.
3. Түтінденген аймақтардан тыныс алу қорғау құралдары арқылы өтіп, мақталы дәкелерді (шарф, орамал) суға малып пайдаланған жөн.
4. Жалын және қатты түтінденген аймақ арқылы мүмкін болмаған жағдайда —балконға шығып, өрт сөндіру қызметінен көмек күту керек.
5. Науқастар мен өздігінен жүре алмайтын қарт адамдар туралы , әсіресе, пәтерлерде қалған кішкентай балалар туралы өрт сөндіру қызметіне немесе құтқару қызметіне дереу хабарлау керек.
Ғимарат түтінденген кезде:
• саты торында орналасқан түтін жою құрылғысын қосу керек;
• кіреберіс қою түтінге оранғанда жорғары және төменгі қабаттарды қосатын арнайы сатылар арқылы көтерілуі немесе көршілес кіреберістердің пәтерлерінің лоджиясы арқылы шығу қажет;
• егер түтін ортақ саты арқылы өтуге сізге мүмкіндік бермесе, түтінденбейтін саты арқылы түсуге болады, ол болмаған жағдайда – пәтерде есікті жауып, есіктің тесік жерлеріне ылғалды шүберек тығып қою керек;
• пәтерге түтін кірген жағдайда  — балконға, лоджияға шығып, артыңыздан есікті жауып, өзіңізге назар аудартып, көмек шақыру қажет.
Сел – бұл таудан ағатын өзендер арналарында және алқаптарда кенеттен пайда болатын, су мен сазды бөлшектен ірі тасқа дейінгі тау жыныстары сынықтарының көп мөлшерінен туындаған уақытша ағын.  Сел ағыны ұзақ мол жауыннан кейін, қар немесе мұздық қарқынды еріген соң, су айдындары бұзылуынан, жер сілкінісі және жанартаудың атылуынан кейін пайда болады.  Ол кенеттен пайда болады, үлкен жылдамдықпен қозғалады (10 м/с дейін және одан жоғары) және көбінесе бірнеше минуттан бастап бірнеше сағатқа дейін бірнеше толқынмен өтеді.  Сел толқынының тік алдыңғы жағының биіктігі 15 метрге дейін және одан жоғары болады. Жылжып келе жатқан сел ағынының дауысы үлкен қашықтықтан естіледі.
Селге қалай дайындалу керек
     Әдетте сел ағындары жүретін жерлер белгілі. Тауға шығар алдында қозғалатын бағытыңыздағы осындай жерлерді біліп алыңыз және ондай жерлерге барудан бас тартыңыз, әсіресе мол жауын-шашыннан кейін. Сел ағынында қалған адам өзін-өзі құтқара алмайтындығын әрқашан есте ұстаңыз.  Сел ағыны жүретін жерден сақ болғанда ғана өзінді құтқарып қаласың. Үйден шығар алдында, алдын ала эвакуациялағанда электрді, газ бен су құбырын сөндіріңіз. Есікті, терезе мен желдеткіш саңылауларды тығыз жабыңыз.
Сел ағыны кезінде не істеу керек
     Көшкін, сел, сырғыма қаупі кезінде егер эвакуациялауға уақыт болмаса, онда есікті, терезе мен желдеткіш пен басқа саңылауларды тығыз жабыңыз. Электрді, суды, газды сөндіріңіз. Оңай тұтанатын және улы заттарды үйде сақтамаңыз және мүмкіндік болса, ор қазып немесе жертөлеге көміңіз. Шұғыл эвакуациялаған жағдайда өз бетіңізбен қауіпсіз биік жерлерге шығыңыз (эвакуациялау бағдарын алдын ала біліп алу керек). Өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, азық-түлік, су қорын, киім мен дәрі-дәрмек алыңыз. Адамдар, ғимараттар мен құрылыстар қозғалыстағы сел ағынының үстінде болатын жағдайлар болуы мүмкін. Осындай жағдайда үй-жайдан шығып, мүмкіндігіне қарай жоғары жылжыңыз және жағдайға қарап қимылдаңыз, сырғыма тежелгенде оның сырт жағынан келетін тастардан, конструкциялардың сынықтарынан, шөгінділерден абай болыңыз. Көшкін, сырғыма мен сел аяқталғаннан кейін өз үйіңізге оралар алдында қауіп-қатердің қайталанбайтындығына көз жеткізіңіз. Осындай құбылыстар көбінесе жолдардың бұзылуына байланысты сырттан көмек кеш жететін таулы аудандарда болатындықтан, өзін-өзі құтқарған адамдар зардап шеккендерді іздестіруге және алып шығуға, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетуге, жолдарды тазалауға және бірінші кезектегі қалпына келтіру жұмыстарына дереу кірісу керек.
Сел ағыны болғаннан кейінгі іс-қимылдар
     Зардап шеккендерге және сел болған жолдардағы үйінділерді аршып жатқан құралымдар мен органдарға көмек көрсетіңіз. Егер Сіз зардап шексеңіз, өзіңізге дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге тырысыңыз. Денеңіздің зақымдалған учаскелерін мүмкіндігіне қарай көтеріп ұстау керек, оған мұз (дымқыл мата), қысатын таңғыш байлаңыз.  Дәрігерге қаралыңыз.
Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы

Біз сіздерге қысқы уақытта үйде өрт шыққанда қажет болатын ең қарапайым қауіпсіздік шараларын ұсынамыз. Сіздің барлық отбасы мүшелері мынадай өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауларына көз жеткізіңіз:

Қосулы электр жабдықтарын ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.

Егер үйіңізде пеш болса, онда пештің мойнын (түтін құбырын) үнемі тазарту керек. Пешті пайдалану кезінде оның алдына әрқашан қорғағыш тор қойыңыз.

Перделердің, төсемшелердің, дастарханның, төсектің тасымалданатын  жылытқыштарға жақын орналасуына бермеңіз.

Дымқыл киімді жылытқыштар мен пештерден кемінде 1 метр қашықтықта кептіріңіз, оларды қарусыз қалдырмаңыз.

Әр розеткада тек бір  электр құрылғыдан қолданыңыз, пайдаланып болған соң, өшіруді ұмытпаңыз.

Ұйықтар алдында майшам мен ашық отты өшіріңіз.

Майшамдар мен кез келген ашық отты пайдалану кезінде әрқашан аса мұқият болыңыз.

Сіріңке мен тұтандырғышты кішкентай балалардың қол жетпейтін, қауіпсіз орындаңыз.

Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа элементтері тікелей жылыту маусымының алдында тазартылуы тиіс. Ал жылу беру маусымы қарсаңында – 2 айда 1 рет тазалаңыз.

Отпен жылытуды пайдалану кезінде:

- жағылатын пешті қараусыз қалдыруға;

- жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;

- қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

- жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, ағаш) пештер мен түтіндіктердің беттерінен 0,5 м кем болатын арақашықтықта кептіруге тыйым салынады.

ҚЫСҚЫ УАҚЫТТА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Жылу беру жабдығын орнату кезінде осындай жұмыстарды орындайтын мамандардың қызметіне ғана жүгініңіз.

Жанғыш сұйықтықпен, газбен немесе ағашпен жұмыс істейтін жылу беру жабдығына жыл сайын  техникалық қызмет көрсету қажет.

Қысқа тұйықталу мен артық жүктемеден электр желілерін қорғау үшін электр сақтандырғыштарды тек көрсетілген қуатта ғана қолданып, авариялық ажыратқышты қосыңыз.

Жанып жатқан майшам мен кез келген ашық отты ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.

Үйдегі өрт туралы дер кезінде хабарлау үшін өрт хабарлағышын орнату ұсынылады.

Сіз бен сіздің отбасы мүшелері үйдегі әр бөлмеден шығатын қосымша ықтимал шығу жолын білуі тиіс.

Сізде өрт шыққан жағдайда іс-қимыл жасау үшін эвакуациялау жоспары болуы тиіс, сіз ол жоспар бойынша үнемі жаттығуыңыз қажет.

ӨРТ ШЫҚҚАН ЖАҒДАЙДА «101» ХАБАРЛАҢЫЗ

Өртке қарсы қызметі үйіңізде өрттің шығуына жол бермеу үшін мынадай қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды ұсынады:

- өрт шыққан жағдайға жазбаша түрде эвакуациялау жоспарын құрып, оны барлық отбасы мүшелерімен талқылаңыз;

- кілттің құлыптаулы күйде есікте қалмай, өрт шыққан кезде эвакуациялау жағдайына үнемі қолыңызда болуы тиіс;

- дайындалып жатқан тамақ пен ашық отты, жанып тұрған майшамды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;

- төсекте ешқашан темекі шекпеңіз және спирт ішімдіктерін ішку кезінде темекі шегетін болсаңыз, мұқият болу керек;

- электр розеткаларына артық жүктеме келтірмеңіз, сондай-ақ өзіңіз пайдаланбайтын электр  құралдарын өшіріп қойыңыз;

- сіріңкелер мен тұтандырғыштарды әрқашан балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз және оларға әрдайым мұның ойыншық емес екенін әрі оны тек ересектердің ғана қолдануына болатынын айту қажет;

- егер сіздің гаражыңыз не қораңыз болса, онда химикаттар мен отынды сақтау кезінде  саақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыздар;

- егер сіз орман не дала өртінің шығу қаупі бар елді мекенде тұратын болсаңыз, онда үйдің маңын жапырақ пен өзге де қоқыстан таза ұстаңыз.

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

- өрттен болған түтінде бағдар алу қиын екенін әрі көру мүмкіндігі нашарлайтынын есте сақтаңыз;

- ұйқы кезінде сіз түтін иісін сезбейсіз, өйткені түтін әсерінен қатты ұйықтайтын боласыз;

- егер сіз жанып жатқан үйден шығып кете алсаңыз, онда сыртта тұрып, дереу «101» нөміріне хабарлаңыз;

- жанғыш сұйықтықпен, газбен немесе ағашпен жұмыс істейтін жылу беру жабдығына жыл сайын  техникалық қызмет көрсету қажет;

- электр сақтандырғыштарды тек көрсетілген қуатта ғана қолданып, авариялық ажыратқышты қосыңыз;

- өрт қауіпсіздігі шаралары барлық отбасы мүшелері үшін маңызды, әрі тиісті дайындығыңыз болса, трагедияның алдын алуға болады;

- аумақта алау, қоқыс жағуға, отшашу мен өзге де ашық от көздерін пайдалануға жол бермеңіз;

- үйдегі өрт туралы дер кезінде хабарлау үшін өрт хабарлағыштарын орнатуға болады.

ӨРТ ШЫҚҚАН ЖАҒДАЙДА «101» ХАБАРЛАҢЫЗ