ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы қаулысына сәйкес мына мемлекеттік қызметтер көрсетілетін болады:
1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау;
2. Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау
3. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу).
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттары әзірленіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілді. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11308 етіп тіркелді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрық

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.11.2015 № 973 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

 полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

_______________ Ә. Исекешев

 

2015 жылғы 8 мамыр

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

_______________ Е. Досаев

 

2015 жылғы 12 мамыр

 ҚОСЫМША


«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттары әзірленіп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетің атқарушасының 2015 жылғы 23 мамырдағы № 475 бұйрығымен бекітілді. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда № 11308 етіп тіркелді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

2015 жылғы 23 мамырдағы № 475 бұйрық "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы"
 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
 
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті, осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 18.12.2015 № 1031 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты
М. Демеуов

 

 ҚОСЫМША

«Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» қызмет көрсету паспорты

 1

Қызмет көрсету атауы

Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығының негізінде көрсетіледі

1)  «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 188-V Қазақстан Республикасының Заңы;

2)  «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің  бұйрығы;

3)  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығы;

4)  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 мамырдағы
№ 475 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі м.а. бұйрығы.

3

Қызмет көрсету мемлекеттік орган

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерімен көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет беруші).

4

Қызмет тұтынышылар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы). 

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде

6

Қызметті көрсету орыны

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтына (www.emer. gov.kz) орналастырылған, «Комитет туралы» бөлімінің «Аумақтық бөлімшелер» бөлімшесіндегі ҚР ІІМ ТЖК облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің заңды мекенжайлар бойынша.

7

Қызмет көрсету тәртібі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін осы паспорттын 8 тармағында көзделген құжаттарды ұсыну қажет.

8

Субъектінің типі мен жағдайға байланысты қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қағаз құжат нысанындағы өтініш;

2) авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі.

9

Қызмет ақысы және төлеу тәртібі

Тегін

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде қандай женілдіктер бар

Женілдіктер жоқ

11

Қызмет көрсету процессін сипаттау

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға арналған өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді. Орындау ұзақтығы – келіп түскеннен кейін 15 (он бес) минут.

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат.

3) орындаушы өтінішті қарайды және авариялық-құтқару қызметін немесе құралымын тізілімге тіркейді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

4) орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға жауапты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат. 

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауабына қол қояды. Орындау ұзақтығы – 10 (он) минут.

6) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

7) кеңсе қызметкері жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

8) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) жауапты береді не оны почта арқылы жолдайды. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

13

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу.

14

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін ұзарту процедурасы

Көзделген жоқ.

15

2014 жылда көрсетілген қызметтін саны

Көрсетілген жоқ.

16

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштердің бекітілген бланкілерінің болуы

Өтініштің нысаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасында келтірілген.

17

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау мен өңдеуді қамтамаыз ететін ақпараттық жүйенің болуы

Жоқ.

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» қызмет көрсету паспорты

 1

Қызмет көрсету атауы

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығының негізінде көрсетіледі

1)  «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 188-V Қазақстан Республикасының Заңы;

2)  «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің  бұйрығы;

3)  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығы;

4)  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 мамырдағы
№ 475 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі м.а. бұйрығы.

3

Қызмет көрсету мемлекеттік орган

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетімен көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет беруші).

4

Қызмет тұтынушылар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы). 

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6

Қызметті көрсету орыны

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-ші кіреберіс мекенжайында көрсетіледі.

7

Қызмет көрсету тәртібі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін осы паспорттын 8 тармағында көзделген құжаттарды ұсыну қажет.

8

Субъектінің типі мен жағдайға байланысты қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

қызмет берушіге:

1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес қағаз құжат нысанындағы өтініш;

2) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық байқаудан өтуі туралы куәліктің көшірмелері;

3) өрт сөндіру автомобильдерінің өрттерді сөндіруге әзірлігін техникалық байқау актілері;

4) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің ұйымдастыру-штаттық құрылымы;

5) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;

6) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтегі еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;

7) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің дипломдары мен білім туралы аттестаттардың көшірмелері;

8) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазым санатына байланысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлаудан (қайта даярлаудан) өткенін және біліктілігін растайтын  сертификаттар мен куәліктердің көшірмелері;

9) қызметкерлердің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 086/У нысанындағы медициналық анықтамалардың көшірмелері, қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың көшірмелері;

10) қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін ғимараттың немесе үй-жайдың бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері.

порталға:

1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық байқаудан өтуі туралы куәліктің электрондық көшірмелері;

3) өрт сөндіру автомобильдерінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актілерінің электрондық көшірмелері;

4) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің ұйымдастыру-штаттық құрылымының электрондық көшірмесі;

5) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінділердің электрондық көшірмелері;

6) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтегі еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

7) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің дипломдары мен білім туралы аттестаттардың электрондық көшірмелері;

8) мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазым санатына байланысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлаудан (қайта даярлаудан) өткенін және біліктілігін растайтын  сертификаттар мен куәліктердің электрондық көшірмелері;

9) қызметкерлердің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 086/У нысанындағы медициналық анықтамалардың көшірмелері, қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың электрондық көшірмелері;

10) қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін ғимараттың немесе үй-жайдың болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, көлік құралдары мен ғимараттың немесе үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қызмет ақысы және төлеу тәртібі

Тегін

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде қандай женілдіктер бар

Женілдіктер жоқ

11

Қызмет көрсету процессін сипаттау

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді, орындау ұзақтығы – түскеннен кейін 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;

3) орындаушы өтінішті қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініш пен құжаттар пакетін  қарау бойынша жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысының күнін белгілейді және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлайды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;

орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, орындау ұзақтығы – 4 (төрт) сағат;

ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, орындаушы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындайды және жауаптың жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасына қол қояды, орындау ұзақтығы –

2 (екі) сағат;

орындаушы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауапты кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы –  20 (жиырма) минут;

кеңсе қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауапты береді не почта арқылы жолдайды, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

4) комиссия өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамаға сәйкестігін айқындайды және аттестаттау туралы шешім қабылдайды, ол осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымшада келтірілген нысанда комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, орындау ұзақтығы – 13 (он үш) күнтізбелік күн;

5) орындаушы комиссия шешімін, көрсетілетін қызметті алушыға жауапты және аттестатты ресімдейді*. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға жауапқа және аттестатқа қол қояды*, орындау ұзақтығы –

2 (екі) сағат;

7) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы –  20 (жиырма) минут;

8) кеңсе қызметкері аттестаттау туралы жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

9) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) аттестаттау туралы жауапты (аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында – аттестаттау туралы жауап және аттестат) береді не почта арқылы жолдайды, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

*Ескертпе. Аттестат көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда аттестат ресімделмейді.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

13

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.

14

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін ұзарту процедурасы

Көзделген жоқ.

15

2014 жылда көрсетілген қызметтін саны

Көрсетілген жоқ.

16

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштердің бекітілген бланкілерінің болуы

Өтініштің нысаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасында келтірілген.

17

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау мен өңдеуді қамтамаыз ететін ақпараттық жүйенің болуы

Электронды Үкімет «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz

 

«Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» қызмет көрсету паспорты

 1

Қызмет көрсету атауы

Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығының негізінде көрсетіледі

1)  «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 188-V Қазақстан Республикасының Заңы;

2)  «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің  бұйрығы;

3)  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығы;

4)  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 мамырдағы
№ 475 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі м.а. бұйрығы.

3

Қызмет көрсету мемлекеттік орган

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерімен көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет беруші).

4

Қызмет тұтынушылар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы). 

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз түрінде

6

Қызметті көрсету орны

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтына (www.emer. gov.kz) орналастырылған, «Комитет туралы» бөлімінің «Аумақтық бөлімшелер» бөлімшесіндегі ҚР ІІМ ТЖК облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің заңды мекенжайлар бойынша.

7

Қызмет көрсету тәртібі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін осы паспорттын 8 тармағында көзделген құжаттарды ұсыну қажет.

8

Субъектінің типі мен жағдайға байланысты қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) жарғы көшірмесі;

3) авариялық-құтқару қызметінің және құралымының ұйымдық-штаттық құрылымы;

4) «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10064 2015 жылғы 6 қаңтарда тіркелген) бекітілген нысаны бойынша жедел және арнайы көліктің және жабдықтың болуы туралы құжаттар көшірмелері;

5) оқу-материалдық база туралы ақпараттың (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды  орналастыру орындары);

6) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді;

7) қызметкерлердің авариялық-құтқару қызметінде және құралымдарында жұмыс істеуге жарамдылығын растайтын «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 2010 жылғы 21 желтоқсанда тіркелген) бекітілген 086/у нысанындағы медициналық анықтамалар, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалар негізінде жүргізеді.

9

Қызмет ақысы және төлеу тәртібі

Тегін

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде қандай женілдіктер бар

Женілдіктер жоқ

11

Қызмет көрсету процессін сипаттау

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді. Орындау ұзақтығы – түскеннен кейін 15 (он бес) минут. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі өтінішті тіркеу болып табылады;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;

3) орындаушы өтінішті қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініш пен құжаттар пакетін  қарау бойынша жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысының күнін белгілейді және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлайды. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат.

4) комиссия өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға сәйкестігін айқындайды және көрсетілетін қызметті алушыны авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауға дайындығына тексеру жүргізу күні немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Орындау ұзақтығы – 13 (он үш) күнтізбелік күн.

Аттестаттау комиссиясы аттестаттау процесінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

құтқарушыларға (азаматтарға) кәсіби қасиеттеріне тестілеу және психологиялық тестілеу жүргізеді, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындайды;

авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге құтқару техникалары мен авариялық-құтқару саймандарының және жабдықтарының бар-жоғын тексереді;

Орындау ұзақтығы – 6 (алты) сағат.

Комиссия көрсетілетін қызметті алушы қол қойып танысатын көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау актісін жасайды.

Орындау мерзімі – 4 (төрт) сағат.

5) орындаушы комиссия шешімін және көрсетілетін қызметті алушыға жауапты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. *Орындау мерзімі – 2 (екі) сағат.

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға жауапқа және куәлікке қол қояды*. Орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат.

7) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

8) кеңсе қызметкері жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді. Орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

9) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) аттестаттау туралы жауапты (аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында – аттестаттау туралы жауап және куәлік) береді не почта арқылы жолдайды. 20 (жиырма) минут.

*Ескертпе. Куәлік көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда куәлік ресімделмейді.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

13

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік.

14

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін ұзарту процедурасы

Көзделген жоқ.

15

2014 жылда көрсетілген қызметтін саны

Көрсетілген жоқ.

16

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштердің бекітілген бланкілерінің болуы

Өтініштің нысаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасында келтірілген.

17

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау мен өңдеуді қамтамаыз ететін ақпараттық жүйенің болуы

Жоқ.

 

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» қызмет көрсету паспорты

 

 1

Қызмет көрсету атауы

Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығының негізінде көрсетіледі

1)  «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 188-V Қазақстан Республикасының Заңы;

2)  «Өрт қауіпсіздігі саласында аудит қызметін жүзеге асыруға арналған

сараптама ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2015 жылғы
13 ақпандағы № 110 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің  бұйрығы;

3)  «Өрт қауіпсіздігі саласында аудит қызметін жүзеге асыруға арналған

сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы
 13 ақпандағы № 112 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің  бұйрығы;

4)  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы
24 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығы;

5)  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы
23 мамырдағы № 475 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі м.а. бұйрығы.

3

Қызмет көрсету мемлекеттік орган

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетімен көрсетіледі (бұдан әрі - қызмет беруші).

4

Қызмет тұтынушылар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушы). 

5

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6

Қызметті көрсету орыны

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-ші кіреберіс мекенжайында көрсетіледі.

7

Қызмет көрсету тәртібі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін осы паспорттын 8 тармағында көзделген құжаттарды ұсыну қажет.

8

Субъектінің типі мен жағдайға байланысты қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) сараптама ұйымы мамандарының білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

3) сараптама ұйымы мамандарының мемлекеттік өртке қарсы қызмет және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтегі еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;

4) сараптама ұйымы мамандарын жұмысқа қабылдау туралы еңбек шарттарының көшірмелері;

5) сараптама ұйымдарына тиесілі үй-жайлар туралы құжаттардың көшірмелері (көрсетілетін қызметтерді алушылардың балансында көрсетілген объектілер болмаған жағдайда ұсынылады).

порталға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) сараптама ұйымы мамандарының білімі туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;

3) сараптама ұйымы мамандарының мемлекеттік өртке қарсы қызмет және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтегі еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

4) сараптама ұйымы мамандарын жұмысқа қабылдау туралы еңбек шарттарының электрондық көшірмелері;

5) сараптама ұйымдарына тиесілі үй-жайлар туралы құжаттардың электрондық көшірмелері (көрсетілетін қызметтерді алушылардың балансында көрсетілген объектілер болмаған жағдайда ұсынылады).

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, көлік құралдары мен ғимараттың немесе үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қызмет ақысы және төлеу тәртібі

Тегін

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде қандай женілдіктер бар

Женілдіктер жоқ

11

Қызмет көрсету процессін сипаттау

құжаттардың тізбесін толық ұсынбаған жағдайда:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді, орындау ұзақтығы – келіп түскеннен кейін 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;

3) орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, орындау ұзақтығы – 4 (төрт) сағат;

4) ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда орындаушы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды және жауаптың жобасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;

5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына қол қояды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;

6) орындаушы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

7) кеңсе қызметкері өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

8) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді не пошта арқылы жолдайды, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

құжаттардың тізбесін толық ұсынған жағдайда:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді, орындау ұзақтығы – келіп түскеннен кейін 15 (он бес) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және (бұдан әрі – орындаушы) белгілейді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;

3) орындаушы өтінішті қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініш пен құжаттар пакетін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысының күнін белгілейді және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлайды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;

4) комиссия өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамаға сәйкестігін айқындайды және аккредиттеу туралы шешім қабылдайды, ол осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген нысанда комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, орындау ұзақтығы – күнтізбелік 13 (он үш) күн;

5) орындаушы комиссия шешімін, көрсетілетін қызметті алушыға жауапты және аттестатты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;

6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға жауапқа және аттестатқа қол қояды, орындау ұзақтығы – 2 (екі) сағат;

7) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

8) кеңсе қызметкері аккредиттеу туралы жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

9) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) аккредиттеу туралы жауапты (аккредиттеу туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда – аккредиттеу туралы жауап және аттестат) береді не пошта арқылы жолдайды, орындау ұзақтығы – 20 (жиырма) минут.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:

құжаттардың тізбесін толық ұсынбаған жағдайда:

1-іс-қимыл – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеу және кіріс нөмірін беру;

2-іс-қимыл – орындаушыны белгілеу;

3-іс-қимыл – ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтау;

4-іс-қимыл – өтінішті әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы;

5-іс-қимыл – өтінішті әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың қол қойылған жобасы;

6-іс-қимыл – өтінішті әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын беру;

7-іс-қимыл – өтінішті әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасына номерді және шығыс күнін беру;

8-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетудің толтырылған карточкасы (көрсетілетін қызметті алушыға немесе көрсетілетін қызметті алушының өкіліне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолға берілген жағдайда) не ішкі пошта жөнелтімін алу туралы хабарламада штрих-кодтың және белгінің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі почта арқылы жолданған жағдайда).

құжаттардың тізбесін толық ұсынған жағдайда:

1-іс-қимыл – Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеу және кіріс нөмірін беру;

2-іс-қимыл – орындаушыны белгілеу;

3-іс-қимыл – ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру, комиссия отырысының күнін белгілеу және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлау;

4-іс-қимыл – аккредиттеу туралы шешім;

5-іс-қимыл – комиссияның шешімі және көрсетілетін қызметті алушыға жауап. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру;

6-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушыға қол қойылған жауап және аттестат;

7-іс-қимыл – кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру;

8-іс-қимыл – аккредиттеу туралы жауапқа нөмір мен шығыс күнін беру;

9-іс-қимыл – мемлекеттік қызмет көрсетудің толтырылған карточкасы (көрсетілетін қызметті алушыға немесе көрсетілетін қызметті алушының өкіліне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қолға берілген жағдайда) не ішкі пошта жөнелтімін алу туралы хабарламада штрих-кодтың және белгінің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі почта арқылы жолданған жағдайда).

12

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) күнтізбелік күн;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

13

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша аккредиттеу аттестаты.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде жолданады.

14

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін ұзарту процедурасы

Көзделген жоқ.

15

2014 жылда көрсетілген қызметтін саны

Көрсетілген жоқ.

16

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштердің бекітілген бланкілерінің болуы

Өтініштің нысаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасында келтірілген.

17

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау мен өңдеуді қамтамаыз ететін ақпараттық жүйенің болуы

Электронды Үкімет «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz

Шағымдану тәртібі туралы ақпарат
Қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы паспорттын 6-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің басшысының атына, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 2 кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрліктің (бұдан әрі - Министрлік) басшысының атына жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Комитеттің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.