2016 жылғы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитетінің мемлекеттік
қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебі
1. Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер – Қазақстан Республикасы Ішкі істер минисрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны – 2:
1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау;
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу.
халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 0;
тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2;
қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2;
бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны – 0.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ең сұранысқа ие түрі болып табылады. Есеп беру кезеңі аралығында осы мемлекеттік қызметті көрсетуге 122 өтініш келіп түсті, ал «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекетітк қызметін көрсетуге 64 өтініш келіп түскен.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Комитеттің ресми сайттарында орналастырылған. Бұдан басқа, Комитеттің аумақтық бөлімшелері тұрғындарға қолжетімді жерлерге, оның ішінде облыстық және аудандық орталықтардың жергілікті атқарушы органдарының, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК аумақтық бөлімшелерінің ғимараттарының, авто және теміржол вокзалдарының ғимараттарының ақпараттық бұрыштарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді орналастыру мәселесін пысықтады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат – өткезгелген жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) – мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы жұмыс туралы есепті талқылау бойыншаь интернет-конференция өткізілді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері – кабинеттен шықпай интерент-ресурс арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін алуға өтініш беру мүмкіндігі қамтамасыз етілді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері – өткезгелген жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері – өткезгелген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – тартылған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Өтініш беруші туралы мәлімет Шағымның мазмұны Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) Қарастырған күні Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың № Қабылданған шешім Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет
1 2 3 4 5 6 7
0 0 0 0 0 0 0
 
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебі
1. Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны – 2:
1. Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау;
2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу);
халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 0;
тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 1;
қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2;
бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны – 4, оның ішінде:
көрсетілетін қызметтер стандарттары – 2;
көрсетілетін қызметтер регламенті – 2.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Комитеттің ресми сайттарында орналастырылған. Бұдан басқа, Комитеттің аумақтық бөлімшелері тұрғындарға қолжетімді жерлерге, оның ішінде облыстық және аудандық орталықтардың жергілікті атқарушы органдарының, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК аумақтық бөлімшелерінің ғимараттарының, авто және теміржол вокзалдарының ғимараттарының ақпараттық бұрыштарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді орналастыру мәселесін пысықтады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) – 0.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері – тартылмады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2016 жылда АҚҚ аттестаттау мемлекеттік көрсетелетін қызметтің көрсетілу сапасына 4 арыз келіп түсті.
Осы арыздарды зерделеу және қызметтік тексеріс жүргізу қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
- «АСТР-С» ЖШС бастапқы аттестаттауға қатысты АҚҚ аттестаттау мәселесі бойынша 13 қаңтардағы № 01/03-52 және 15 қаңтардағы № 01/03-60 хаттарға жан-жақты жауап берілді;
- көрсетілген АҚҚ аттестаттау тәртібінің бұзылуына қатысты 13 қаңтардағы №01/03-103 хат бойынша фактілер расталмады;
- көрсетілген АҚҚ аттестаттау тәртібінің бұзылуына қатысты 1 маусымдағы № 29-245/08-05/604 хат бойынша фактілер расталды, осыған байланысты аттестаттау комиссиясының 4 мүшесі тәртіптік жазаға тартылды.
Сонымен қатар, Алматы қ. Мемлекеттік қызмет департаменті анықтаған «АҚҚ аттестаттау» және «АҚҚ тіркеу» мемқызметтерін көрсету мерзімінің бұзылуы нәтижесі бойынша фактілер расталды, осыған байланысты аттестаттау комиссиясының 2 мүшесі тәртіптік жазаға тартылды.
Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік қызмет департаменті жүргізген «АҚҚ аттестаттау» және «АҚҚ тіркеу»мемқызметтерін көрсету тәртібінің сапасын тексеру нәтижесі бойынша мемқызметтерді көрсету тәртібін бұзушылық фактілері расталмады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Аумақтық бөліністердің қызметін кешендік тексеру шегінде Қызылорда және Павлодар облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу сапасына ішкі бақылау жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша мемлекеттіккөрсетілетін қызметтердің көрсету мерзімінің бұзылуы болмаған, ұйымдастырушылық сипаттағы ескертулер бар (комиссия құрамы бойынша, комиссияны құру туралы бұйрықтың атауы мен бекіту тәртібі жөнінде).
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері – өткезгелген жоқ..
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – тартылған жоқ.