1. Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер – Қазақстан Республикасы Ішкі істер минисрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны – 2:

1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау;

2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 0;

тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2;

қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2;

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны – 0.

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ең сұранысқа ие түрі болып табылады. Есеп беру кезеңі аралығында осы мемлекеттік қызметті көрсетуге 122 өтініш келіп түсті, ал «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекетітк қызметін көрсетуге 64 өтініш келіп түскен.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Комитеттің ресми сайттарында орналастырылған. Бұдан басқа, Комитеттің аумақтық бөлімшелері тұрғындарға қолжетімді жерлерге, оның ішінде облыстық және аудандық орталықтардың жергілікті атқарушы органдарының, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК аумақтық бөлімшелерінің ғимараттарының, авто және теміржол вокзалдарының ғимараттарының ақпараттық бұрыштарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді орналастыру мәселесін пысықтады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №394 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 2017 жылғы наурызда орналастырылды (23.03.2017ж. көпшілік талқылау есебі). 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат ведомстволық сайтында орналастырылады.  

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері – Ақпарат және коммуникациялар және Ұлттық экономика министрліктеріне қағаз түрінде өтініштерді тапсыру баламасын алып тастау және мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық форматқа толықтай ауыстыру бойынша сұрау жіберілді.    

 2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру -  Мемлекеттік қызметтер стандарттарына өзгертулер және толықтырулар енгізілді (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №259 бұйрығы), сонымен қатар мемлекеттік қызметтер регламенттеріне (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 7 шелдедегі №472 бұйрығы).  

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері – өткізілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері – ТЖК қызметінде сыбайлас жемқорлық қауіп-қатеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ұсынымдарды орындау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.   

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – тартылған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі

көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Өтініш беруші туралы мәлімет Шағымның мазмұны Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) Қарастырған күні Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың № Қабылданған шешім Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет
1 2 3 4 5 6 7
0 0 0 0 0 0 0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебі

 

1. Жалпы ережелер.

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны – 2:

1. Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау;

2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу);

 «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 0;

тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 1;

қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2;

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны – 4, оның ішінде:

көрсетілетін қызметтер стандарттары – 2;

көрсетілетін қызметтер регламенті – 2.

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Бас прокуратураның 2016 жылғы 22 қарашадағы заң бұзушылықтарды, себептерін және оларға ықпал ететін шарттарды жою туралы ұсынысына сәйкес, ТЖ жоюда құтқару жұмыстарын жүргізу саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті арасында авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау бойынша өкілеттіктердің аражігін ажыратуға дейін тоқтатылды.  

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Комитеттің ресми сайттарында орналастырылған. Бұдан басқа, Комитеттің аумақтық бөлімшелері тұрғындарға қолжетімді жерлерге, оның ішінде облыстық және аудандық орталықтардың жергілікті атқарушы органдарының, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК аумақтық бөлімшелерінің ғимараттарының, авто және теміржол вокзалдарының ғимараттарының ақпараттық бұрыштарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді орналастыру мәселесін пысықтады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №394 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетімен мемлекеттік көрсетілетен қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталына 2017 жылғы наурызда орналастырылды (23.03.2017ж. көпшілік талқылау есебі). 

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат ведомстволық сайтында орналастырылады. 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері – Ақпарат және коммуникациялар және Ұлттық экономика министрліктеріне қағаз түрінде өтініштерді тапсыру баламасын алып тастау және мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық форматқа толықтай ауыстыру бойынша сұрау жіберілді.   

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру - Мемлекеттік қызметтер стандарттарына өзгертулер және толықтырулар енгізілді (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №259 бұйрығы), сонымен қатар мемлекеттік қызметтер регламенттеріне (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 7 шелдедегі №472 бұйрығы).  

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат – түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері – өткізілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері – ТЖК қызметінде сыбайлас жемқорлық қауіп-қатеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ұсынымдарын орындау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.   

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – тартылған жоқ.