1. Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер – Қазақстан Республикасы Ішкі істер минисрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны – 2:
1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау;
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 0;
тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2;
қағаз және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 2;
бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны – 4.
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары - 2;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері - 2;
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
«Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ең сұранысқа ие түрі болып табылады.
Есеп беру кезеңі аралығында осы мемлекеттік қызметті көрсетуге 189 өтініш келіп түсті, ал «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекетітк қызметін көрсетуге 62 өтініш келіп түскен.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Комитеттің ресми сайттарында орналастырылған.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №394 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 2018 жылғы қазанда орналастырылды (07.11.2018ж. көпшілік талқылау есебі).
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар) – қызмет алушылардың өтініштері жөнінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат ведомстволық сайтында орналастырылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері – 2018 жылы көрсетілетін қызметтер оңтайландыру бойынша екі Жол карталары бекітілді. Жол карталары шеңберінде көрсетілетін қызметтер мерзімі (15 күнтізбелік күннен 7 жұмыс күнге дейін), құжаттар тізбесі (МеӨҚҚ аттестаттау бойынша 14-тен 3-ке дейін, Сарапшы ұйымдарды акредитеттеу бойынша – 5-тен 1-ге дейін) қысқартылды, сонымен қатар көрсетілетін қызмет алушылардың өтініштерін қарау бойынша комиссиясы жойылды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру - 2018 жылғы 3 қыркүйектегі Үкіметтің № 548 қаулысын орындау үшін МеӨҚҚ аттестаттау қағидаларына (2018 жылғы 10 желтоқсандағы ІІМ № 896 бұйрығы), мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандартына (2018 жылғы 13 желтоқсандағы ІІМ №835 бұйрығы), сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Регламентіне
(2019 жылғы 22 қаңтардағы ІІМ №47 бұйрығы) өзгерістер енгізілді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша) - түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері – өткізілген жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері – жүргізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері – тартылған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Өтініш беруші туралы мәлімет Шағымның мазмұны Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) Қарастырған күні Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың № Қабылданған шешім Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет
1 2 3 4 5 6 7
0 0 0 0 0 0 0