Қазақстан аймақтарында 2019 жылғы 14 желтоқсанда болатын

метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясы  

Солтүстік циклон жырасы және сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсері республикамыздың басым бөлігінде сақталады, соған байланысты жауын-шашын, кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Антициклон жотасының шығыс бағыттарда жылжуы ауа температурасының төмендеуіне және республиканың батысы, солтүсік-батысы және солтүстігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді. Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшейюі, бұрқасын сақталады. Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, Павлодар облысында түнде жел 18 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

СЕЙСМИКАЛЫҚ БОЛЖАМЫ («Сейсмикалық институт» ЖШС, «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ)

05.12. бастап. 11.12. да. Алматының болжамды полигонының аумағында ates = 42-30′-45о00′N және λ = 75о00′-81о00′E координаттарымен шектелген, ықтималдығы Ms≥5,6 0,7, жер сілкінісінің ықтималдығы MSK-шкаласы бойынша I≥7 балл. 64К, күтілмейді.

Қазақстан аймақтарында 2019 жылғы 09 шілдеде  болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде кей жерлерде найзағаймен бірге, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа – райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, күндіз – дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с. Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз-найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында кей жерлерде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Жамбыл, күндіз Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай күтіледі, жел  15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында – дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертең – тұман күтіледі. Қызылорда, күндіз Түркістан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз  қатты ыстық күтіледі.

 Қызылорда облысында, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде жоғары өрт қауіпі сақталады.