Сейсенбі, 12 Қыркүйек 2017 13:55
 
Көрме аяқталғанына екі-ақ күн өтті, жер-жерде мемлекеттік органдар, күштік құрылымдар, департаменттер өз жұмысының қорытындысын шығаруда. Бүгін Төтенше жағдайлар комитеті ұжымының көрме кезеңіндегі атқарған іс-шаралары қорытындыланды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында жолға шыққан «Жәрдем» пойызы Жаңаөзен қаласына келді.
Құрамы 8 вагоннан тұратын пойыздың 4 вагоны медициналық көмек көрсетілетін аурухана іспеттес. Дөңгелек үстіндегі емхананың бірінші вагонында кардиолог-маман К.Бралова, невропатолог Э.Аватаева, гинеколог У.Еңсепова, екінші вагонда лаборатория, офтальмолог О.Қуанышбаев, педиатр - медицина ғылымдарының кандидаты Н.Нұрғалиев, терапевт А. Даулетиярова, үшінші вагонда хирург Н.Айбасов, УДЗ маманы М.Нығметуллин, эндоскопист Ғиззат Саматұлы және соңғы төртінші вагонда стоматолог Е.Әбнасыров секілді білікті дәрігерлер мен медбикелер қызмет көрсетуде. Ал қалған төрт вагонда дәрігерлер тамақтанатын мейрамхана мен демалатын орындар орналасқан.