sararka_samaly Павлодар қаласына қарасты Ленин кентіндегі №33 орта мектептің оқушысы Зейнеп Жанболатқызы қайсарлық танытып, отқа оранған үйден төрт жасар баланы құтқарып қалды.
 Оқиға 20 ақпан күні орын алды. Сол күні Зейнеп денсаулығына байланысты мектепке бармай, үйде қалды. Күндізгі сағат 12-лер шамасында көршілер есік қағып, бір жерге асығып кетіп бара жатқандарын және көрші үйден түтін иісі шығатындығын айтады. Зейнеп ойланбастан өрт сөндіру бөліміне хабарласып, оқиға туралы хабарлайды. Ал өзі сөндірушілердің келгенін күтпей, жанып жатқан үйге қарай жүгіреді. Үйде қалған кішкентай баланы көріп, сыртқы есікті ашуға талпынады. Бірақ бұл әрекетінен түк шықпайды. Әйтеуір, әупірімдеп жүріп есікті ашады.

2015 жылғы 12 қаңтарда БҚО ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасына Сырым ауданының құрамында 6 адам бар оқушылар тобы 6 оқытушыларымен 9 қаңтарда Шыңғырлау ауданына шаңғымен саяхатқа шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. 12 қаңтарда үш оқушы жол-жөнекей БҚО Сырым ауданындағы туған Жосалы ауылында қалды.
Кешкі сағат жетіде қалған шаңғышылар тобы ұялы телефон арқылы байланысқа шығып, 3 оқушы 6 оқытушымен бірге Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақсуат пен Новопетровка елді мекендері аралығында адасып қалғаны туралы хабарлады.