«Пожарный и спасатель Казахстана» республикалық ведомстволық ай сайынғы журнал 2017 жылдың басынан бастап «ҚР ІІМ органдарының медиа орталығында» шығады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде тіркелген.
Журнал жалпы оқырманға есептелген. Күн сайын қаһармандық ерлік жасап, қиындықтардан қорықпайтын өрт сөндірушілер және құтқарушылар туралы, мамандықтары өмір салтына айналған адамдар туралы, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметінің қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосқан және өзінің бай тәжірибесін жас ұрпаққа беріп жүрген ардагерлер туралы әңгімелейді.