prov_mang3
2016 жылдың 21 қыркүйегінде біздің Ақтау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде атаулы оқиға өтті – біз біздің қызмет етушілер – №1 МӨСБ өрт сөндіру көліктерін жүргізу бойынша аға инструкторлары Федюнин Петр Александрович пен Джубанов Мукан Халдыбаевичті лайықты демалысқа кетіп жатырған азаматтық қорғау аға прапорщиктерін құрметпен  шығарып салдық.
Жігіттер өрт сөндіру көліктерінің жүргізушісі болып өрт сөндіру күзеті кезінен бастап 18 жыл бойы қызмет атқарды және оқу-материалдық базасының дамуы мен жас ұрпақты тәрбиелеуде қосқан үлесі зор. Осыған орай, Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Н.Г.Селимов пен бөлімнің барлық жеке құрамы жиналды.
Зейнеткерлікке шығу іс-шарасы мерекелік шара негізінде өткізілді, дәстүрлі түрде өрт және төтенше жағдайлар орнына жететін бірнеше жыл бойы, бірнеше адам өмірін құтқарған  өрт сөндіру көлігінде мақтаулы түрде айналып өткен болатын. Бұл көлікті жүргізу дәстүрі қатысушыларды жай қалдырмай, жабырқатып жіберді.
Болашақ зейнеткерлер назарына бөлім бастығы Хаям Амирбеков, достары мен бірге қызмет атқарғандар тарапынан бірнеше жылы, жақсы сөздер айтылды. Қоштасу сәтінде кішігірім концерт ұйымдастырылып, естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шара барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ Петр Александрович пен Мукан Халдыбаевичпен, және басқа өрт сөндіру күзетінің ардагерлерімен байланыс үзілмейді деген үмітімізді білдірді.
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары
қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы