
Аттестатталушылардың нормативтік құжаттар, қолданылатын құралдар мен техникалардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, жарақаттанушыларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету бойынша білімдерін, сонымен қатар аттестатталушылардың психологиялық және жеке дене даярлығы тексерілді.
Құрамына азаматтық қорғаудың аумақтық органының тәжірибелі қызметкерлері кірген комиссия сынақтарды қабылдауда өте қатал ұстанды. Бәрі жоспарланған регламент аясында қатаң, бірақ достық қатынаста өтті. Әсіресе, дене даярлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының тестілеуін өткізу ережелері» сынақтардың тапсырылуы қиын жағдайда өткені мәлім, өйткені аттестатталушылардың көбісі 45 жастан асқан ересек адамдар, бірақ соған қарамастан ешкім берілген емес. Жүзу, орыннан ұзындыққа секіру, 60-100 шақырымдық жолды өту және гранат лақтыру барлығы өтті деп айтуға болады.

Аттестаттаудан өткен барлық жұмыскерлеріне, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының тізімі бойынша жеке нөмірлерін белгіленген тәртіп бойынша тіркеп, «Құтқарушы» мәртебесі берілді.
Осылайша, филиал жұмыскерлерінің аттестациясы ойдағыдай аяқталды, бірақ сонымен қатар жұмыскерлердің дене даярлығы бойынша бірқатар сұрақтар пайда болды, ол мәселелермен әлі жұмыс жасау қажет.
Дастан Бектенов
«Өрт сөндіруші» АҚ Павлодар облысы филиалының директоры