yuko_ptu Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің мамандары «Rahima Plaza» сауда-ойын сауықтыру орталығында   өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға Шымкент қаласы гарнизонының  10  негізгі өрт сөндіру автокөліктері,  5 арнайы өрт сөндіру автокөлігі және штабтық автокөлігі жұмылдырып, Өрт сөндіру қызметі мен ОҚО ТЖ департаментінің 100 қызметкері,  кәсіби даярлау мектебінің 60 тыңдаушысы қатысты. Бірлесіп әрекеттесу нусқаулығы бойынша қаланың тіршілікті қамтамасыз ету қызметтері тартылды: су шаруашылығы, тоқ жүйелерін қамтамасыз ету қызметі, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығының су тасығыш автокөлігі, газ қызметі. Сондай-ақ жедел-құтқару жасағының,  медицина аппаттар орталығының қызметкерлері және жол-потрульдік полициясының 6 қызметкері, нысанның әкімшілігі қатысты.
Жаттығу кезінде көру мүмкіндігі шектелген жағдайда құтқару жұмыстарын жүргізу, газ-түтіннен қорғау қызметінің буынымен АЛ-30 және АЦЛ-32 механикалық сатысы арқылы адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, шартты өртте бірнеше бағытта барлау жүргізу және адамдарды  қауіпсіз жерге көшіру тәсілдері  пысықталды.
Шартты өртті сөндіру орнында үш жауынгерлік аймақта жұмыс атқарылды. Үздіксіз су беру және жеке өрт сөндіру  гидрантынан су тарту іс-әрекеттері пысықталды. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері ғимарттың шатырындағы түтінжоюдың қақпақтарын қолмен ашу жұмыстарын жүргізді. Арнайы қызметтер шартты зардап шегушілерді құтқаруды жүзеге асырды.

Шартты түрдегі өртті сөндіру кезінде жарықтандыру прожекторлары және қозғалмалы түтінартқы орнатылып, УКТП «Пурга-5»  үш оқпан, жапсарлас жайларды,  шатыр және көшіру жолдарын қорғауға РСК-50   4 оқпаны  берілді. Оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша өрт сөндірушілер  тапсырманы   «жақсы» деген бағаға орындады. 

Айша Катчанова

Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ»

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы