mang_kp Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын иелену үшін, «Қызыл ай» қоғамы облыстық ұйымының қызметкерлері Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамына оқытуды жүргізді.
Құтқарушы – бұл ер денелі және күшті рухты кәсіп болып  табылады. Бұл тіпті кәсіп емес, керісінше жүрек тартысы. Дерлік күн сайын, олар өз өмірлерін тәуекелге апарады, бірақ ол үшін ондаған марапаттаулар мойынсынады, мыңдаған құтқарылған адам өмірлері үшін де қызмет етеді.  Алайда, нағыз құтқарушы болу үшін, күштің болуы жеткіліксіз, арнайы атақ қажет етіледі, артынша төтенше жағдайлардың түрлі оқиғалары кезінде тәжіребиеде қолдануда септігін тигізеді. 
Өрт сөндірушілер тек теориялық оқыту бойынша емес, сондай-ақ эпилепсиялық талмалар кезінде, термиялық зақымдану кезінде, шок, қан кету, дененің зақымдану мен сынуы кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көресту негіздері боынша, сонымен қатар зардап шеккендерді тасымалдау және көшіру ережелерін үйретті. Әрбір құтқарушы тәжіребие кезінде арнайы манекендер көмегімен жүрек және тыныс алу органдарының тоқтамы кезінде, сондай-ақ бөгде заттармен тұншығу жағдайында алғашқы көмек көрсету бойынша үйренуге болады.
«Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері экстремалды жағдайларда, зардап шегушіге шұғыл медициналық көмек қажет жағдайда жиі көмек көрсетеді. Осындай жағдайларда, әрбір минут адам өмірін және  денсаулығын сақтап қалу үшін шешуші сәт болуы мүмкін.  Сондықтан да Қызметте қызметкерлерге өрт орын алған жерде немесе өрт оқиғасында шұғыл көмек көрсету және дұрыс ұйымдастыру бойынша үйрету және дайындау жұмыстарына көп көңіл бөлінеді», - Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ерлан Мауленов айтып өткен болатын

Маңғыстау облысы ТЖ департаменті

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы