SKO Seminar 1 2017 жылғы 16 наурыз Солтүстік Қазақстан облысы «ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ-де су тасқыны кезеңіндегі қиын жағдайларға және кейінгі өрт қауіпті кезеңге техниканы әзірлеу бойынша іс-шараларды өткізу аясында «Өрт сөндіру техникасын қолдануды ұйымдастыру» тақырыбына өрт сөндіру бөлімдері бастықтарының орынбасарларымен, қарауыл бастықтарымен, қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімшелерінің аға жүргізуші-қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді. Осы семинарлық сабақ мекеме өрт сөндіру бөлімшелерінің бастықтары орынбасарларының, қарауыл бастықтарының, аға жүргізуші-қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға және нығайтуға бағытталды.
SKO Seminar 2 Семинарлық сабақты Солтүстік Қазақстан облысы «ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Белоусов Н.А. ашты. Семинарлық сабақты бастамас бұрын барлық қызметкерлермен кіруді қадағалаудан өткізілді, оған ҚР ІІМ ТЖК 2015 жылғы 28 мамырдағы «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызмет жөніндегі нұсқауы» № 128 бұйрығын, өрт сөндіру техникасын, жабдығын және регламенттеуші құжаттарды білулеріне тестілеу енгізілді.
SKO Seminar 3 Семинарлық сабақты өткізу аясында қатысушыларға КамАЗ маркалы автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологияларымен танысу үшін Солтүстік Қазақстан облысындағы «ВИС» ЖШС «КамАЗ-орталығы» сертификатталған сервис-орталығына бару ұйымдастырылды. SKO Seminar 4 Бұдан кейін семинарға қатысушылар Петропавл қ. № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды, өрт сөндіру депосының өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге арналған типтік бекет көрсетілді, онда өрт сөндіру автомобиліне техникалық қызмет көрсету көрсетілді.
Семинарлық сабақтың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін семинарға қатысушылармен шығуды қадағалау өткізілді, оның ішіне өтілген материалды бекітуге арналған тестілеу енгізілді.
 
Асқар Тілеубаев
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
Өрт сөндіру техникасы және
жабдықтары бөлімшесінің бас маманы
азаматтық қорғау капитаны