SKO Provody 1 Солтүстік Қазақстан облысы «ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ акт залында қызметкерлерді салтанатты түрде зейнетке шығарып салу шарасы өтті. ТЖ Департаменті ардагерлерінің алтын запасы тағы екі айбынды офицермен толықты.
SKO Provody 2 Ағымдағы жылдың 17 наурызы акт залында Болат Әбілмәжінов пен Зейнолла Жұминді құрметті демалысқа сый-құрметпен шығарып салдық. Өздерінің кәсіби жұмысы барысында олар талай өрттерді сөндіруге қатысты. Құтқарушы – бұл лауазым мен кәсіп емес, бұл қиын сәтте адамдарға көмек көрсетуге әрқашан дайын болу міндеті. Біздің офицерлеріміздің бойында адал жұмыс істеуге қажетті барлық қасиеттер бар.
SKO Provody 3 Біздің батырларымыздың бойында кәсіби қасиеттерден басқа ұйымдастырушылық, әзіл-оспақты түсіне білу, мақсатқа жету, мейірім, ілтипаттылық пен өздерінің әріптестеріне деген үлкен құрмет сияқты адами қасиеттері де бар.
SKO Provody 4 Барлық қызметкерлер өздерінің бұрынғы әріптестері туралы бір ауыздан жақсы пікірлер айтуда. Оларды зейнетке шығуларымен құттықтап, аңда-саңда болсын бөлімге келіп тұруларын өтінді. Сондай-ақ барлық қызметкерлер мықты денсаулық пен үй ішінің амандығын тіледі.
SKO Provody 5 Өрт сөндіру қызметінің бірінші басшысы Біржан Кәрімов зейнеткерлердің барлық еңбектері мен адамгершіліктерін өз аузымен айтып, жоғары кәсіпқойлықтары үшін өзінің алғысын білдірді.
Енді Болат Әбілмәжінов пен Зейнолла Жұмин жаңа өмір бастайды, енді олар өздерінің отбасыларының қасында болады, оларға көбірек көңіл бөледі.
 
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ,
«Журналистика» мамандығы бойынша
СҚМУ студенті Валерия Султанова