Mang Akcia 1 Балалар қауіпсіздігі –бұл туралы көп айтылып жүр, көп жазылып жүр, алайда бұл туралы айтуды немесе ойлау ұмытып кетеді, себебі бәрі бізбен ештеңе болмайды деп ойлайды. Кейде жағдайларға байланысты баланы үйде жалғыз тастап кетуге тура келеді. Ал бірақ қалалық үйлерде кішкентай адамды қандай қауіптер күтіп тұр. Осыған орай өрт қауіпсіздік ережесін балаларға еске түсіру артық етпейді.
Mang Akcia 2 Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес «Қауіпсіз балалық шақ!» тақырыбында акция жүргізді. Іс шара Ақтау қаласы №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А.Утепбергенованың ұйымдастыруымен 5-ші сынып оқушылары арасында өтті. Жиын барысында балаларға өрт қауіпсіздігі туралы ақпараттар беріліп, Төтенше жағдай орын алғанда ең алдымен не істеу керек? Кімді көмекке шақыру керек? Оттан өзімізді қалай алып шығамыз? - деген сұрақтар барысында кеңінен сұхбат жүргізілді. Балаларға бейне материалдар және видеороликтер көрсетіліп, өрт қауіпсіздігінің алдын алу туралы жадынамалар таратылды. Жиынға жалпы саны 100-ге жуық оқушылар мен ұстаздары қатысты.
Mang Akcia 3 Сонымен қатар, «Қауіпсіз балалық шақ!» акциясы Ақтау қаласы №17«Мәншүк» балабақшасында жалғасын тапты. Мұнда бүлдіршіндер Ақтау қаласының ТЖБ қызметкерлеріне акцияға арнайы дайындаған өлең шумақтарын айтып берді. Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының тәлімгерлері де балаларға арнап дайындаған қызықты бейне материалдарын түсіндіріп берді. Бейне материалдар өрт қауіпсіздігі қызметіндегі – алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт сөндіру автокөліктері және өрт сөндірушінің қызметтік киімдері туралы болды.
«Қауіпсіз балалық шақ!» акциясы кішкентай бүлдіршіндер қандай да бір төтенше жағдай орын алғанда алғашқы іс әрекеттерді біліп жүрсін деген мақсатта жүргізілді.
 
Маңғыстау облысы ТЖД