2017 жылдың 17 наурызы күні ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағында «Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлықтың қауіптері мен зардаптары!» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен бірлесе отырып, құтқарушылар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары: жасақтың жеке құрамы, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Болатбекова Индира және психологы Дүйсенова Ғазиза.
Дөңгелек үстел барысында сұрақ-жауап, пікірталас түрінде тақырып кеңінен ашылып, жеке құрамға тренингтер жүргізілді. Сонымен қатар осы тақырыптар бойынша бейнебаян көрсетілді.
Медициналық-психологиялық бөлімінің бас құтқарушы-психологы Жанар Бегманова, семинар соңында шараны қорытындылай келе барлық қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдірді.
 
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр
жедел құтқару жасағы