111111 1 Алдағы уақытта өтетін сертификаттау сынақтарына Департаменттің жедел-құтқару жасағының қызметтік иттерін тиімді және сапалы даярлау мақсатында, Астана қаласы «Орталық өңірлік аэроұшқыр жедел-құтқару жасағы» ММ мен «Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы» ММ кинологиялық есептерінің бірлескен оқу-жаттығу сабақтары өткізілді. Бұл сабақтарда ОӨА ЖҚЖ Николай Попов басқарған кинологтары Көкшетау қаласының жас кинологтарымен өздерінің бай іс-тәжірибелерімен бөлісіп, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді іздестіру мен тауып алу үшін иттерді даярлау мен қолдана білуге үйретті.
111111 2 Жұмыс барысында жасақтың «Арлан» мен «Гера» қызметтік иттерімен техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларда зардап шеккендерді іздестірудің әдіс-тәсілдерін шындауды практика жүзінде шыңдады.
Сонымен қатар арнайы жабдықталған баулу алаңында иттердің көнбістігі мен ептіліктерін тексеру кезеңі де өткізілді.
Ақмола облысы ТЖД ЖҚЖ мен ОӨАЖҚЖ ұжымдаса жұмыс істеуі – Ақмолалық құтқарушылардың даярлық деңгейінің артуына оң әсерін тигізуде.
 
«ҚР ІІМ ТЖК Ақмола облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағы» ММ