16 neptun sko 1 Бұрыннан келе жатқан немесе жаңа мерекені енгізу қиынға соғады. Әдетте мерекелер адамдардың аталған мейрамға деген қажеттілігі туындаған кезде пайда болады. Осындай мерекелердің бірі Нептун күні. Бұл мереке қуаныш пен күлкі мерекесі. Оны үлкендер де балалар да жақсы көреді. Мерекелеу тарихы ертеден келе жатыр. Ежелгі Римде 23 шілде күні теңіз бен мұхит қорғаушысы, айбатты да қуатты Нептун - теңіз әміршісі күнін мерекелейтін.
  16 neptun sko 2 Біздің қалада да жаздың жайдарлы күндерінің бірінде Пестрое көлінің жағажайында көңілді мереке – Нептун күні мерекеленді. Мерекені «Нептун» фитнес тобы ұйымдастырған болатын. Іс-шарада спорттық сайыстар мен қызықты жарыстар болды. Жиналған қала қонақтары мен тұрғындары су тақырыбындағы қызықты ойындарға атсалысып, уақыттарын көңілді өткізді.
  16 neptun sko 3 Осы күні Пестрое көлінде кезекшілік еткен СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары өз тарапынан мереке аяқталғанға дейін судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қырағылық танытты. Қуанышқа орай, суда зардап шеккендер болмады.
 
 
Гүлмира Салықова,
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы