13 slet pvl 1 2017 жылғы 14-15 шілдеде Железин ауданының "Башмак" көлінің аумағында ауданың жастарының саяхаттық слеті өтті.
Ауқымды іс-шараны өткізу кезінде жазатайым жағдайларды болдырмау үшін Железин ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Жедел-құтқару жасағы және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, кезекшілік ұйымдастырды. Туристік слет қатысушылары мен қонақтарына суда шомылудағы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық өткізілді, сондай-ақ жедел-құтқару жасағы қызметкерлерімен құтқару құрал-саймандары көрнекі түрде көрсетілді. 13 slet pvl 2 Жоғарыда аталған органдардың қызметкерлерімен суда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек әрекеттері көрсетілді. Осы іс-шара қатысушыларына су айдындарында тәртіп ережелері туралы, сондай-ақ ормандағы өрт қауіпсіздігі жадынамалары таратылды.
13 slet pvl 3 Іс-шараға барлығы 155 адам қатысты.
 
 
Д. Чумаков,
Павлодар облысы ТЖД
Железин ауданының ТЖБ