15 reid kzl 1 Өңір тұрғындары өздерінің бос уақытын облыстың жағалау аймақтарында өткізуге тырысады және суға шомылуға тыйым салынған жерлерді жиі таңдайды.
15 reid kzl 2 Қызылорда облысының азаматтық қорғау қызметкерлері демалыс күндерге қарамастан, күн сайын өзен жағасында рейдтер жүргізеді. Рейд жүргізу барысында, өкінішке орай, құтқарушылар үлкендердің қарауынсыз қалған балаларды жиі кездестіреді. Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметінің қызметкерлері өткен демалыс күндерінде шомылуға арналмаған жерде жеті жасөспірімнің шомылғандығын анықтады. Оқушыларға түсіндірме әңгімелесуде суда қауіпсіздік ережелері сақталмаса, демалыс қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін екендігі айтылды.
15 reid kzl 3 Қызылордалық құтқарушылар тыйым салынған жерлерде шомылуға рұқсат етілмейтіндігі туралы ескертеді. Құтқару орындарының, қалқыма белгілердің жоқтығы, тазаланбаған судың түбі, жағалық зонаның жанындағы қоқыс – осының барлығы тек қана демалыстың көңіл қошын түсіріп қана қоймайды, сонымен қатар қайғылы жағдайдың зардаптарына әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ құтқарушылардың қасында болмауы өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін, өйткені қауіпті жағдайда ешкім кәсіби көмек көрсете алмайды.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Судағы қауіпсіздік ережелерін ұмытпаңыз және қатал түрде ұстаныңыз - өз өміріңізді қорғаңыз.
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі