11 ZKO Semya 1 Өткен сенбі күні Батыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері отбасының қоғамдағы мәртебесі мен ролін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкерлерінің отбасылары жиылған №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында іс-шарада Отбасы күнін атап өтті.
Отбасылық мейрамның салтанатты бөлімінде алғы сөзбен Қызмет бастығы азаматтық қорғау майоры Селимов Назарали Гаджимагомедович сөз сөйлеп, баршаға отбасылық саулықты, өзара түсінушілікті, сарқылмас бақытты күндерді және бітпес бала күлкісін тіледі.
11 ZKO Semya 2 Іс-шара мерекелік концертпен жалғасып, қызметкерлердің талантты балалары жарқын, творчестволық номерлерімен өнер көрсетіп, ата-ананың махаббатына арналған жүрек жібітер өлең шумақтары оқылды.
Алайда, атаулы күн қызметкерлердің күшімен атақты мультфильмдер кейіпкерлері жандандырылған костьюмді қойылым ерекше есте қалды. Көрсетілім барысында балаларға арналған қызықты ойындар мен байқаулар қамтылды. Барлығы көңілді күймен қол ұстасып ойын ойнап, би флешмобына белсене қатысты.
11 ZKO Semya 3 Бұдан әрі «Әке, ана, мен - тату отбасы» отбасылық спорттық сайысы өткізіліп, оған жеті команда қатысты. Әрбір қатысушыдан сезімдердің шынайылығы, жеңіс қуанышы және жылы шырайылық танылып, бұл айтып жеткізер емес атмосфера сайыс бойына орнады. Жанкүйерлер өз бөлімшелерінің командаларын шын көңілмен қолдады. Спорттық шараның соңында ешкім сыйлықсыз қалмады. Жеңімпаз командалар дипломдармен, медалдармен және сыйлықтармен марапатталса, қалған командаларға алғыс хаттар мен жұбаныш сыйлықтары табысталды.
Мерекелік күннің соңында кішкентай балаларға тәтті дастархан ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы гарнизоны әрбір қазақстандық отбасыға махаббат, келісім, татулық, келер күнге деген сенім және аманшылық тілейді!
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы