Біздің өмірімізге көгілдір отын қауіпсіз және арзан отын ретінде қалыптасып кірседе, көптеген тұрғын үй иелері әр-түрле себептерге байланысты оны тұрмыста пайдалана алмай отыр. «Газөткізілмеген» тұрғын ұй секторларының тұрғындары әліде пешті қатты отын арқылы жылытуда, сондықтанда пеш жағу кезіндегі қауіпсіздікті ескергім келеді.
Бәле болмау үшін пештің құрылғысын тек қана тәжірибелі пештің маманына сеніп тапсырғаны жөн, олар барлығын өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес жөндеп береді.
Жылыту маусымы басталмас бұрын пеш пен жолдарының ақаулығын тексеріп, түтін жолдарын күйеден тазалап, жарық жерлерін балшықпен майлап, әктеу қажет.
Абайсызда түсіп кеткен шоқ өрттің себебі болмауы үшін ошақтың алдына көлемі 50х70 темір қаңылтыр ағаш еденге төселіп орнатылуы тиіс.
Пештің жары ешқашанда үйдің ағаш құрылымдардан жасалған жақтаулармен қосылмау керек. Жанғыш заттардан пеш 0,8 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
Жылдың салқын мезгіл күндері пешті ұзақ уақыт жағу жиі кездеседі. Кесірінен пештің кейбір бөлшектері қатты қызиды, егерде осы бөлшектер ағаш құрастырмаларына тиіп тұрса өрт туындайды. Сондықтан пештің ұзақ уақыт жаққаннан көрі күніне 1,5 сағаттан 2-3 рет жаққаны жөн.
Пештің үстіне отын, киім және де басқалай жанғыш заттар кептіруге тыйым салынады.
Пешті ағаш әлде көмірмен жағу ұсынылады. Тез жанғыш және керосин, бензин, солярка секілді жанар-жағар майларды жағуға тыйым салынады, бұл пештің жарылуына және адам өліміне алып келеді.
Құрметті ауыл тұрғындары! Сіздің қатты отын жағатын пешке деген немқұрайлығыңыздан адам өміріне зақым келетінін ұмытпаңыздар.
Өкінішті жағдайға тап болмау мақсатында жаңа жылыту маусымы келуімен пештеріңізге көңіл бөліп, реттеуіңізді сұраймын.
 
Н.Сламихин
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Зеленов ауданының ТЖБ инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты