24 Mang GZDS 1 Маңғыстау облысы өрт сөндіру бөлімдері арасында газ түтінінен қорғау қызметінің үздік буыны атағы үшін жарыс өткізілді. Өрт сөндірушілер өздерінің қаншалықты жедел, төзімді және психологиялық шыдамды екендерін көрсете білді.
Жарыс № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өтті. Оған 10 команда қатысты. Өрт сөндірушілерге берілген тапсырма улы газдың концентрациясы барлық қажетті нормалардан асып түсетін, адамдардың тыныс алуға жарамсыз ортада алдына қойылған міндеттемелерді орындауға қабілеттілігін және дайындығын көрсету болды.
24 Mang GZDS 2 Сондай-ақ, жарыстың мақсаты – газ түтінінен қорғау қызметінің жеке құрамының жауынгерлік дайындығы, психологиялық деңгейін арттыру және ГТҚҚ үздік буынын анықтау.
Бастапқы практикалық кезеңде өрт сөндірушілер тыныс алу органдарын қорғау аппараттарын тексереді және киеді, содан кейін команда зардап шегушіні құтқару арқаны көмегімен түсіретін, оқу мұнарасының екінші қабаты деңгейіне дейін көтеріледі.
24 Mang GZDS 3 Келесі практикалық кезең құтқарушылар жылу камерасының түтінді бөліміне кіреді, мұнда жағдай шынайы өрт жағдайына барынша жақындай түседі. Онда шектеулі көрініс кезінде лабиринтен жылдам өтіп, шығуды табу, шыққан соң, автоцистернадан 60 метрлік магистралдық желі және 40 метрлік жұмыс желісімен жауынгерлік қанат жаю арқылы 2 оқпанмен су беру. Осы уақыт бойы тыныс алу органдарын қорғау аппаратындағы өрт сөндірушілер 7-8 кг салмақта болады, оған қоса өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі – 15 кг. Жаттығуды орындау әлденеше күрделі, алайда командалар дес бермеді.
24 Mang GZDS 4 Үздік дайындықты №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі газ түтінінен қорғау қызметінің буыны көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Облыстың үздік газ түтінінен қорғаушысы Мунайлы ауданы №5 өрт сөндрушісі, азаматтық қорғау сержанты Ахов Куаныш атанды. Үздік бекетші атағын Ақтау қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі АҚ прапорщигі Эминов Есқали иеленді.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Маңғыстау облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы