21 SKO Rybalka Күз – балық аулаушылардың сүйікті кезеңі. Тәжірибелі балықшылар күзгі балық аулауды жақсы көреді, себебі балық аулау оңай іс емес, балық аулау барысында жаңа амал-тәсілдерін ойлап табады. Балық аулау қиын болған сайын, құмарлық артады. Жыл сайын құтқарушылардың ескертпелерін елемей ондаған балықшылар суға батып жатады, қайғылы сттистика оларды еш қорқытпайды. Жыл басынан бастап СҚО су айдындарында 3 балықшы суға батты.
18 қыркүйек күнні жасақтың құтқарушылары балық және аңшыларға арналған дүкендерінде шағын көлемді кемелермен балық аулау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмыс жүргізді, жұмыс барысында 6 дүкен қамтылып, 35 жадынама таратылды.
Балықшылық адам өміріне үлкен қауіп қатер төндіреді. Күз кезінде ауа райы 5-7 градусты ғана құрайды, егер қайық аударылып қалса, балықшы суда болып, суға толған киімі төмен қарай тарта береді. Бұндай жағдайд адамды құтқару оңай емес.
Жедел-құтқару жасағы күзгі балық аулаушыларға судағы оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді: желді ауа-райында, масайған күйде, қараңғы уақытта, құтқару құралдарынсыз суға шықпауды ескертеді. Жүзу құралын шамадан тыс арта жүктемеңіз, өзіңізбен бірге балаларды алмаңыз.
 
Гүлмира Салықова
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы