15 PVLDr poliglot 1 «Полиглот» республикалық байқауында Павлодар облысынның атынан қатысқан Павлодар қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Нұрболат Мұқат үш тілді: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін мегеруде өзінің кәсібилігін көрсетіп екінші орынға ие болды.
15 PVLDr poliglot 2 Құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің өкілдерінен тұратын беделді әділқазылар өздерінің ерекше ықыласын үстіміздегі жылғы Мәскеу академиясының түлегі, жас маманға берді. Нұрболат облыстық «Полиглот» байқауында тіл білуден он алты үміткерді басып озып республикалық деңгейдегі байқауда Төтенше жағдайлар департаментінің атынан қатысты.
Нұрболат Мұқат 2017 жылы «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясын бітірді. Ресейде оқып жүріп, Ресей ТЖМ мемлекеттік хорының құрамында болды. Концерттермен Подмосковье, Ставропольда болды.
Оқып жүрген жылдары ол еліміздің көптеген әйгілі тұлғаларымен кездесті. Ол байқауға мақсатты түрде және жауапкершілікпен жиналды. Байқауда шығармашылылқ қабілетін айқындады, өзінің үш тілді меңгергендігін көрсетті.
15 PVLDr poliglot 3 Жеңіске деген жігерлігі мен зейінділігінің арқасында Нұрболат Мұқат байқаудың ақтық жарысы үздіктерінің ішінен топ жарды, сөйтіп, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитетінің Құрметті грамотасымен марапатталды.
Аппараттық жиналыста Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ә. Длимов Нұрболат Мұқатты жеңісімен салтанатты түрде құттықтады және біздің аймақты лайықты көрсеткені үшін ізгі алғысын білдіріп, алдағы уақытта қызметіне жетістікер мен табыстар тіледі.
 
Гаухар Сыздықова
Павлодар облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы