21 SRAOSO 1 Құтқарушы күнін мерекелеу шеңберінде Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының тұғырында «Темірлан» әскері-патриоттық клубының тәрбиеленушілері үшін Ашық есік күні өткізілді. Оларға сүңгуірлік жарақтар, авариялық – құтқару жұмыстарында қолданылатын авариялық – құтқару құралдары мен жабдықтары, арнайы техника көрсетілді. Аталған ісшара құтқарушылар қызметіне келушілердің қызығушылығын туғызды.
21 SRAOSO 2 Жасақтың қызметкерлерімен «Формация-НЕО» ЖШС провизорларына алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша мастер-класс жүргізілді. Жаттығу-маникеннің көмегімен қан кету, соғып алу, шығарып алу, ашық және жабық аяқ-қол сыну, терминалды жағдайдағы жүрек-өкпе жансақтауын жүргізуі техникасы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі дағдылары көрсетті.
Құтқарушылар осындай ісшаралар тұрғындар үшін танымдық болып табылатынына және алынған білімдері өмір жағдайларында пайдасын тигізетініне сенімді. 21 SRAOSO 3
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК
Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы